МӘСКЕУ, 2025 жылғы 30 наурыз – "Munarmedia.kz" ақпарат агенттігі. АҚШ Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) жарна төлеуді уақытша тоқтатты.
Бұл шешімнің себебі – Трамп әкімшілігінің мемлекеттік шығындарды қысқарту саясаты.
АҚШ өкілдерінің бірі ДСҰ бюджеті бойынша отырыста мәлімдегендей, 2024 және 2025 жылдарға арналған төлемдер уақытша тоқтатылған. Бұл шешім халықаралық ұйымдарға төленетін жарналарды қайта қарау мерзімі белгіленгенге дейін сақталады.
Трамп әкімшілігі бірқатар халықаралық ұйымдарға жарналарды қысқартуды, ал кейбір ұйымдардан, мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДҰ) толық шығуды жоспарлап отыр.
📸 Фото: Ашық дереккөздер