МӘСКЕУ, 2025 жылғы 30 наурыз – "Munarmedia.kz" ақпарат агенттігі. Кеше, 27 наурызда, Францияда Украина мәселесіне арналған "қалағандар коалициясы" саммиті өтті.
Саммит қорытындылары мен негізгі тақырыптары:
-
Украинаға ешқандай қауіпсіздік кепілдігі берілген жоқ.
-
Франция Ресейдің бұғатталған активтерін Киевтің пайдасына тәркілеуден бас тартты.
-
Польша кез келген форматта Украинаға әскер жібермейтінін мәлімдеді.
-
Еуроодақ қақтығыс аймағына бітімгер күштерін орналастырудан бас тартты.
-
АҚШ та Украинаға қауіпсіздік кепілдігін берген жоқ.
Франция президенті Эммануэль Макрон саммит барысында "Украинада бітімгер күштері болады ма, жоқ па – оны Ресей шешпейді" деп, қатаң мәлімдеме жасады.
Франция президентінің басқа да мәлімдемелері:
-
Франция мен Ұлыбритания коалициялық күш-жігерді басқаруы тиіс.
-
Қауіпсіздік күштері теңіз, әуе және құрлықтағы аймақтарды қамтитын ауқымды қауіпсіздік шаралары аясында әрекет етеді.
-
Бірнеше мемлекет миссияға қатысатын болады.
-
Келесі аптадан бастап дипломатиялық кеңесшілер саммитте қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалайды.
📸 Фото: Ашық дереккөздер