Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

АҚШ Ирактан әскерін шығаратынын қыркүйекте жариялайды

46


 

Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хусейн қыркүйекте АҚШ-қа баруды жоспарлап отыр. Осы сапар барысында Бағдад пен Вашингтон Батыс коалициясы әскерлерінің Ирактан шығарыла бастағанын ресми түрде жариялайды, деп хабарлайды Иранның жартылай мемлекеттік Tasnim агенттігі ақпарат көздеріне сілтеме жасап.Ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше АҚШ әскерилерін Ирактан шығару тек 2025 жылдың қыркүйегінен басталуы мүмкін. Алайда АҚШ әскерилері 2026 жылдың қыркүйегіне дейін негізгі мұнай көздері сақталған мекендерде қалады. Алайда Бағдад пен Вашинтоннан ресми ақпарат берген жоқ.

Шілде айының соңында Reuters агенттігі Ақ үй кейбір әскерлерді Ирактан шығаруға келісті, бірақ кейбір америкалық күштер кеңесші рөлде қалуы мүмкін деп хабарлады. Коалицияның аяқталуы немесе оған қатысты кесте туралы әзірге ресми келісім жоқ, деп жазды басылым сол кезде.

Шілде айында Ирак пен АҚШ шенеуніктері ДАИШ төніп тұрған қауіп негізінде Вашингтон бастаған коалицияның миссиясын қалай өзгерту керектігін анықтау үшін Вашингтонда бас қосты.