Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

АҚШ Конгрессі Қытайдың DeepSeek" компаниясының жасанды интеллектіге (AI) негізделген чат-ботын пайдалануға тыйым салды.

91

НЬЮ-ЙОРК. АҚШ Конгресінің мүшелері Қытайдың "DeepSeek" компаниясының жасанды интеллектіге (AI) негізделген чат-ботын пайдалануға тыйым салды. Бұл туралы "Axios" электрондық басылымы Өкілдер палатасының комитетіне жіберілген хатты дәйексөз етіп хабарлады.

"DeepSeek-тің мәселесі Өкілдер палатасында талқыланып, қазіргі уақытта оны ресми түрде пайдалануға рұқсат етілмеген", - деп хатта атап өтілген.

Бұған дейін Италияның Деректерді қорғау органы бұл бағдарламаны жабу туралы шешім қабылдаған болатын. Осындай шешім қабылдау себебі - Қытай компаниясы Италияда қызмет етпейтінін және Еуропалық Одақтың ережелеріне бағынбайтынын айтқан болатын. Қытайдың "DeepSeek" компаниясы R1 чат-ботының жаңа нұсқасын осы айдың 20-сында шығарған еді.

Бұл чат-бот "OpenAI" компаниясының "ChatGPT" қызметінен жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгенін сарапшылар мойындады. Сонымен қатар, Қытай әзірлеушілері "OpenAI" компаниясына қарағанда айтарлықтай төмен шығындармен бұл чат-ботты жасағанын мамандар атап өтті.

Жаңа өнімнің шығуы капитал нарығына әсер етіп, АҚШ-тың технологиялық "Nasdaq" индексі 3%-дан астам төмендеді, ал "OpenAI" компаниясына чиптер жеткізетін "Nvidia" компаниясының акциясы 16,86%-ға төмендеді. "DeepSeek" компаниясы "OpenAI" компаниясының жасанды интеллект технологиясын рұқсатсыз алып пайдаланған болуы мүмкін деген болжамдарды "Microsoft" және "OpenAI" компаниялары жоққа шығармады.