АҚШ пен Израильдің Иранмен 25 млрд доллар көлемінде шығын әкелді

28

АСТАНА. 20.05.2026. Munarmedia.kz — АҚШ пен Израильдің Иранмен қақтығысы әлемдік бизнеске кемінде 25 млрд доллар көлемінде шығын әкелді. Бұл туралы Reuters корпоративтік деректерге жүргізілген талдау нәтижесіне сілтеме жасап хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, келтірілген шығын көлемі әлі де өсіп келеді. Себебі энергетикалық нарықтардағы бағалардың күрт қымбаттауы және жаһандық жеткізу тізбектерінің бұзылуы байқалып отыр.

Сарапшылардың айтуынша, негізгі тәуекел аймағы ретінде Ормуз бұғазындағы жағдай аталып, дәл осы өңірдегі тұрақсыздық мұнай мен газ логистикасына тікелей әсер етіп отыр.

Әлемдік биржаларда тіркелген компаниялар АҚШ, Еуропа және Азия нарықтарында шығынға ұшыраған. Бұл жағдай энергетика секторынан бастап өндіріс пен тасымал саласына дейін кең ауқымды ықпал еткен.

Экономистердің пікірінше, геосаяси шиеленістер ұзаққа созылған жағдайда жаһандық инфляциялық қысым күшеюі мүмкін.

Дереккөз: Munarmedia Telegram арнасы

#АҚШ #Израиль #Иран #ӘлемдікЭкономика #Мұнай #ОрмузБұғазы #Reuters