АСТАНА. 20.05.2026. Munarmedia.kz —Ақмола облысының бірнеше ауданында тіркелген жағдай қоғамды алаңдатпай қоймайды. Атбасар, Қорғалжын, Астрахан, Аршалы, Егіндікөл, Жарқайың мен Жақсы аудандарында киіктердің жаппай қырылуы – жай ғана табиғи құбылыс емес, экожүйенің дабылы.
Далада шашылып жатқан киік өлекселері санитарлық қауіптің күшейгенін көрсетеді. Ал ауылдарда мал ауруының белгілері байқалып, кей жерлерде карантин енгізілуі жағдайдың ушығып бара жатқанын аңғартады. Бірақ ең алаңдатарлығы – халық пен ресми ақпарат арасындағы алшақтық.
Бір тарап «эпизоотиялық жағдай тұрақты» дейді. Екінші тарап ауылдағы нақты ахуалды айтып дабыл қағуда. Тұрғындардың сөзінше, киік популяциясына жүйелі бақылау әлсіреген. Санитарлық тазалық жұмыстары жеткіліксіз. Ал оның зардабын қарапайым шаруалар тартып отыр.
Егер даладағы жануар жаппай қырыла бастаса – бұл табиғаттың ескертуі. Егер ауылдағы мал ауыра бастаса – бұл азық-түлік қауіпсіздігіне төнген қатер. Мұндай кезде үнсіздік емес, ашықтық қажет.
Бүгінгі мәселе – тек ветеринария мәселесі емес. Бұл:
Енді билік ғылыми зерттеуді жеделдетіп, нақты ақпарат беруге міндетті. Киіктің қырылу себебі анықталмайынша, қоғамдағы күмән де, қорқыныш та күшейе береді.
Табиғаттағы апатқа бейжай қарау – ертеңгі үлкен дағдарысқа жол ашады. Инстаграмм басқа да әлеуметтік желідегі тұрғындар салған ақпарат бойынша облыс әкімдігі мен экологияға жауапты құзырлы органдар тексеру және алдын ала шараларын қабылдайды деп сенеміз.