Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

АҚШ Ресейден Украинаның армиясы мен қорғаныс өнеркәсібіне иелік ету құқығын мойындауды талап етпек

56


АҚШ ұсынған бейбіт келіссөздер аясында Вашингтон Украинаға өзінің әскері мен әскери-өнеркәсіптік кешенін дамыту құқығын Ресейдің ресми түрде мойындауын талап етуді көздеп отыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі аты-жөнін жарияламауды сұраған бірнеше дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Виткофф осы аптада Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу барысында бұл мәселені көтеруі мүмкін екені айтылды.

Еске сала кетейік, Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қарсы басталған әскери әрекетті алғашында «арнайы әскери операция» деп атап, басты мақсаттарының бірі ретінде елді демилитаризациялау – яғни қарулы күштерден арылту екенін мәлімдеген болатын.

Украин Қарулы күштерінің саны мен әскери қуатын шектеу – 2022 жылы толық ауқымды соғыс басталған алғашқы аптада тараптар арасындағы келіссөздерде талқыланған негізгі тақырыптардың бірі болған. Кейінірек Киевтің бұл мәселеде белгілі бір деңгейде келісімге келуге дайын екендігін білдіретін құжаттар баспасөз бетінде жарияланған.