АСТАНА. 20.05.2026. Munarmedia.kz — АҚШ Сенаты сегізінші талпыныста Иранға қатысты Дональд Трамптың әскери өкілеттігін шектеу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды CNN.
Ақпаратқа сәйкес, құжатты 50 сенатор қолдап дауыс берсе, 47 заң шығарушы қарсы болған. Заң жобасында АҚШ-тың Иранға қарсы кез келген болашақ әскери әрекеті міндетті түрде Конгрестің мақұлдауынан өтуі тиіс екені көрсетілген.
Сарапшылар бұл бастама әзірге алғашқы қадам ғана екенін айтады. Себебі Конгрестің қос палатасы резолюцияны толық қабылдаған күннің өзінде, АҚШ президенті оған вето қоюы мүмкін.
Саяси бақылаушылардың пікірінше, бұл құжат Ақ үй мен Конгресс арасындағы сыртқы саясат пен әскери шешімдерге байланысты өкілеттік тартысының жалғасып жатқанын көрсетеді.
Дереккөз: Munarmedia Telegram арнасы