Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

АҚШ-тың Тибет ісіне араласуы – халықаралық нормаларды өрескел бұзу деп мәлімдеді

60


1 сәуірде Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады.

Баспасөз конференциясы барысында ҚХР өкілі Го Цзякүнь АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Антонио Рубио Қытайдың кейбір лауазымды тұлғаларына виза шектеуін енгізу туралы мәлімдемесіне жауап берді. Ол: "АҚШ-тың бұл әрекеті Тибет пен Қытайдың ішкі істеріне өрескел араласу болып табылады және халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың негізгі нормаларын өрескел бұзады. Қытай бұл әрекетке үзілді-кесілді қарсылық білдіреді", – деді.

Го Цзякүньнің айтуынша, "Тибет – ашық аймақ, шетелдіктердің келуіне ешқашан тыйым салынған емес. Тибет жыл сайын шетелдік туристер мен түрлі сала өкілдерін көптеп қабылдайды. 2024 жылы 320 мыңнан астам шетелдік турист Тибетке келді. Тибеттің ерекше географиялық және климаттық жағдайларын ескере отырып, Қытай үкіметі шетелдік азаматтардың сапарын заң талаптарына сәйкес реттеп, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл – қажетті шара", – деп мәлімдеді.