Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Украина 3,5 миллиард еуро көлемінде көмек алды

45


Еуропаның Ukraine Facility көмек қорының үшінші қаржылай пакеті – 3,5 миллиард еуро Украинаға аударылды. Бұл туралы Еуропалық комиссияның ресми сайтында және Украина премьер-министрі Денис Шмыгальдің Telegram-арнасында хабарланды.

Осылайша, бұл қор аясында бір жыл ішінде көрсетілген көмектің жалпы көлемі 19,6 миллиард еуроға жетті.

"Бұл қаржылай көмек макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге көмектеседі. Украинаға үнемі қолдау көрсетіп, қиын кезеңде бізбен бірлікте болғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз", – деп жазды Шмыгаль.

Еуропалық Одақ бұл қаржы Украинаның макроэкономикалық тұрақтылығын нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесін қолдауға және ұзақ мерзімді маңызды реформаларды жүзеге асыруға ықпал етеді деп санайды. Сондай-ақ Украина бұл көмекті алу үшін қажетті барлық талаптарды орындағаны атап өтілді.

Ukraine Facility бағдарламасы

Ukraine Facility – бұл Еуропалық Одақтың Украинаға қолдау көрсетуге бағытталған 50 миллиард еуролық қаржылық механизмі. 2024 жылдың 1 наурызынан бастап іске қосылған бұл қор ЕО-ға мүше емес мемлекетке берілген ең ірі қаржылық көмек пакеті болып саналады.

Бағдарлама 2024-2027 жылдар аралығында Украинаға қайта қалпына келтіру, реформалар жүргізу және жаңарту үшін несие мен қайтарымсыз көмек беруді көздейді.