Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қытай мен Ресейдің қарым-қатынасы әлемдік көпполярлылықты дамытуға көмектеседі

24


1 сәуір күні Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Саяси бюросының мүшесі, ҚХР-дың Сыртқы істер министрі Ван И Ресейге ресми сапары барысында "Бүгінгі Ресей" халықаралық медиа тобына арнайы сұхбат берді.

Қытай мен Ресейдің қарым-қатынасына қатысты сұраққа жауап берген Ван И:

"Қытай мен Ресей – бір-бірімен шекаралас ірі мемлекеттер, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері ретінде әлемдегі бейбітшілікті сақтау үшін ерекше жауапкершілікке ие. Мемлекет басшылары Си Цзиньпин мен Владимир Путиннің стратегиялық басшылығымен екі ел арасындағы серіктестік қарым-қатынастардың үздіксіз тереңдеуі тарихи даму логикасына толық сәйкес келеді және ішкі серпінге ие", – деді.

Оның айтуынша, бұл әріптестік екі тараптың өзара татулықта өмір сүруіне, бір-бірінің табысты дамуына септігін тигізеді, сондай-ақ әлемдік көпполярлылық пен халықаралық қатынастардағы демократияны дамытуға ықпал етеді.

Қытай мен Ресей қарым-қатынасының үш негізгі ерекшелігі:

  1. Достықты ұрпақтан-ұрпаққа сақтау және ешқашан бір-біріне дұшпан болмау.

  2. Тең құқықты серіктестік, өзара тиімді ынтымақтастық және ортақ жетістіктерге жету.

  3. Әскери-саяси одақтарға қосылмау, қақтығысқа бармау және үшінші тарапқа қарсы бағытталмау.

Ван И бұл қағидалар Қытай мен Ресей қарым-қатынасының берік және тұрақты дамуына ықпал ететінін атап өтті.