Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

АҚШ Украина мүмкіндігінше тезірек сайлау өткізуі керек деп есептейді

105



Дональд Трамп әкімшілігінің пікірінше, әскери жағдайға байланысты кейінге қалдырылған Украинадағы сайлау жыл соңына дейін өтуі мүмкін, әсіресе егер Ресеймен атысты тоқтату туралы келісім жасалса.

Бұл туралы АҚШ-тың Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлогг Reuters агенттігіне мәлімдеді. Әңгіме парламенттік және президенттік сайлау туралы болып отыр.

"Көптеген демократиялық елдер соғыс уақытында да сайлау өткізеді. Менің ойымша, бұл маңызды. Бұл демократия үшін жақсы деп есептеймін. Тұрақты демократияның артықшылығы – сайлауға бірден көп кандидат қатыса алатынында", - деді Келлогг.