Қазақ еліне қоныс аударып келген қандастар арасында
еліміздің түрлі саласында жетістікке жетіп, еліміздің абыройын көтеріп жүрген
азаматтар баршылық.
Солардың бірі әрі бірегейі Нұрлан Мәуленұлы. Алтайдың
ақиғы балуан Нұрлан ағамыз Монғолия елінде белдесіп, жауырыны жерге тимеген,
есімі Монғолияға танымал азамат. Монғолияда балуандық өнер ерекше
насихатталатындықтан қазағы болсын, монғолы болсын күреспен бала кезінен айналысады.
Міне, тектіден тараған батырдың ұрпағы Нұрлан Мәулен ағамызда жалындаған жас шағын спортқа арнаған адамның бірі. Баян-Өлгейде туып, өсіп, Хэнтий аймағының Чандаган ауданында еңбек етті. Жеңгеміз де спорттан алыс емес. Т.Сахабақызы да елімізге танымал спортшы, халықаралық деңгейдегі жаттықтырушы.
1989 жылы жоғарғы
оқу орнын бітірген ағамыз 1991 атамекенге атбасын бұрған алғашқы
қазақтардың бірі. Тоқсаныншы жылдардың тоқырау заманында бармен базар деп ел
қатарлы қарапайым тірлік кешкен ағамыз Ақмола облысының Ерейментау еліне туын
тігіп, ордасын құрды. Кейіннен Целинограл ауданының Қоянды ауылына көшіп келіп,
балаларды жаттықтырумен айналысты.
Мамандығын ештеңеге айырбастамастан, жоқщылыққа қарамастан спортпен шұғылданып, қаншама жастарды тәрбиелеп шығарды. Жылдар өте заман түзеліп, Нұрлан ағамыз облыс, республика көлеміне таныла бастады. Жаттықтырған шәкірттері облыс, республика, Азия, Әлем чемпионаттарына қатысып, еліміздің қоржынына талай медальдер мен жеңістер сыйлап, көк байрағымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқатты.
Ең қызығы, отбасымен
спортпен шұғылданатын Нұрлан ағамыздың төрт ұлы Есенбол, Ербол, Бекбол,
Нұрдастан да әке жолын қуған спортшылар. Бала кезінен әке тәрбиесін көріп,
талай белдесулерде әкелеріне жақтас болған балалардың спортқа деген оның ішінде
күрес өнеріне қызығушылықтары оянды. Нұрлан ағамыздың ұлдарының барлығы спорт
мектептерін бітірген мамандар.
Бүгіңгі күні Қазақ елінің туын биік көтеріп, байрақты
бәсекеде көрініп жүрген батырлар легі. Үйлеріне барсаңыз бейнебір спорт мұражайына
тап болғандай күй кешесіз. Әлемнің бүкіл спорт медальдері Нұрлан ағаның үйіне
жиналғандай.
Оның барлығы қажырыл еңбек, қайтпас жігер, төгілген
маңдлай термен келгені хақ. Нұрлан ағамыздың бауырлары да спорттан кенгде емес.
Інісі де Нұрбол да талай байрақты бәсекеде ту тіккен балуан.
Бүгіңгі күні Нұрлан Мәулен отбасы елімізге танымал
спортшылар отбасы десем артық айтқандық болмас. Нұрлан ағамыз Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Ақмола обылстық белбеу күрес
облыстық федерациясының төрағасы, «Жыл жаттықтырушысы» номинациясының иегері,
халықаралық деңгейдегі спорт шебері, жаттықтырушысы сынды көптеген атақ, пен
абыройы бар азамат.
Ұлы Бекбол Нұрланұлы Белбеу күресінің шебері, екі дүркін Азия чемпионы атанды. ҚР еңбегі сіңген бапкер Нұрлан Мәуленұлының айтуынша, Бекбол Нұрланұлы Азия біріншілігінде чемпиондық атағын қорғап қалған жалғыз спортшы екен. Өткен жылы Астанада өткен «Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының» күміс жүлдегері, бірнеше дүркін Әлем чемпионы сынды көптеген атақтары бар. Аға -інілері де спортта жолдары болған білекті азаматтар.
Еркін
елдің туын биікке көтеретін спортшылар. Қазақтың әнұраны әлемнің үлкен спорт
аренларында шырқалып келеді. Елдің абыройын асқақтатып, боз кілемде клең
мықтылармен белдесіп келе жатқан Нұрлан ағамыз мен жеңгеміздің отбасына, ұл,
қыздарына тек сәттіліктер тілейміз. Ұлтын сүйер ұл тәрбиелеп, биік мақсат, ұлттық
болмыс, қазақи тәрбие деген берік қамалды қорған еткен Нұрлан ағамыз еліміздің
мақтанышы.
Қажымұқан атамыздан кейін алыптарды
дүниеге әкеліп, атажұртының атақ, абыройын қорған жүрген бұл отбасы небір марапаттарға
лайық.
Асылбек Байжұмаұлы.