Munarmedia.kz-23.11.2026ж/Астана/-Қазақстанда бес күн ішінде жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, көлік басқаруды жалғастырған 245 адам ұсталды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олардың 115-і әкімшілік қамауға алынса, тағы 130 жүргізушіге айыппұл салынған. Барлық құқық бұзушылардың автокөліктері айыппұл тұрағына қойылды.
ІІМ жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарға көлік құралын басқаруға толық тыйым салынатынын ескертті.
Министрлік мұндай заңбұзушылықтардың жолын кесу жұмыстары қатаң жүргізілетінін мәлімдеді.
#Қазақстан #ІІМ #ЖолҚозғалысы #Жүргізуші #Айыппұл #ЖолҚауіпсіздігі #MunarMedia





