Munarmedia.kz-23.11.2026ж/Астана/-Қазақстанда балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа заң жобасы дайындалып жатыр. Құжатта онлайн ойындарға, мобильді қосымшаларға және маркетплейстердегі сатып алуларға қатысты бірқатар шектеулер енгізу қарастырылған.
Жаңа талаптарға сәйкес, цифрлық платформалар жариялайтын контентке арнайы белгі қоюға, ата-аналық бақылау жүйесін енгізуге және балаларға зиян келтіруі мүмкін материалдарды бұғаттауға міндеттелуі мүмкін.
Сонымен қатар заң жобасында цифрлық платформалардың иелеріне өз сервистеріндегі заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік жүктеу ұсынылған.
Тағы бір жаңашылдық – балаларға арналған арнайы ID-карталар енгізу. Оның көмегімен интернеттегі пайдаланушының жасын және жеке басын растау көзделіп отыр.
Заң жобасы қабылданған жағдайда, онлайн платформалардың балаларға арналған контентті ұсыну тәртібі мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар өзгеруі мүмкін.
Әзірге ұсынылып отырған шектеулердің нақты тетіктері мен заңның күшіне ену мерзімі туралы толық ақпарат жарияланған жоқ.
#Қазақстан #ЦифрлықҚауіпсіздік #БалаларҚұқығы #Интернет #ОнлайнОйындар #ЗаңЖобасы #MunarMedia





