Munarmedia.kz-23.11.2026ж/Астана/-2026 жылдың желтоқсаны мен 2027 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда бірқатар маңызды өзгеріс күшіне енеді. Олар ең төменгі жалақыға, зейнетақы мен жәрдемақыға, жұмыссыздық бойынша төлемдерге, сондай-ақ автокөлікті елге әкелу және тіркеу тәртібіне қатысты.

Ең төменгі жалақы өседі

Ең төменгі жалақы мөлшерін қазіргі 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр. Ал зейнетақы төлемдерін 8,5 пайызға арттыру көзделген.

Сонымен қатар жұмысынан айырылған азаматтарға берілетін әлеуметтік төлем мерзімі алты айдан үш айға дейін қысқармақ.

Автокөлік әкелуге жаңа талап қойылады

30 желтоқсаннан бастап жеке пайдалануға Қазақстанға әкелінетін автомобильдер Еуро-5 экологиялық стандартына сәйкес болуы және шығарылғанына бес жылдан аспауы тиіс.

Бұдан бөлек, кейбір айыппұлдар мен көлікке қатысты алымдардың мөлшері де өседі.

Киім-кешекке міндетті таңбалау енгізіледі

1 желтоқсаннан бастап киім-кешектің жекелеген түрлеріне міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі. Бұл талап тауарлардың айналымын бақылауға және олардың заңды шығу тегін анықтауға бағытталған.

Аталған өзгерістер азаматтардың табысына, әлеуметтік төлемдеріне және күнделікті шығындарына тікелей әсер етуі мүмкін.

#Қазақстан #Жалақы #Зейнетақы #Жәрдемақы #Автокөлік #Айыппұл #ӘлеуметтікТөлемдер #MunarMedia