Қазақстан
1991 жылдан бері 1,1 миллион этникалық қазақты қабылдады. 1991 жылы тәуелсіздік
алғаннан бері Қазақстан 1,1 миллионнан астам этникалық қазақты тарихи отанына
қабылдады. Қоныс аударушылар негізінен Қытай, Өзбекстан, Моңғолия және
Түрікменстаннан келді. Қазіргі таңда саны 3,4 миллионға жетіп қалған
қазақтардың атамекенге атбасын бұрған көші қалай басталып еді? Көз көрген
көптеген ағалар өмірден озған соң, «қазақ көшін мен бастағам» деп қайраткер
болып жүргендер баршылық. Біздегі деректер бойынша 1991 жылы Кеңес одағы құлап,
орыстың ондығында болған елдер аласұрып, не істерін білмей қалған кезде
Монғолияның өзінде де саяси, экономикалық дағдарыстар орын алып, ескі
коммунистер биліктен кетіп, орнына жалынды жастар келіп жатқан уақытта қазақтар
Қазақстанға көшін бастады.
Тіпті Қазақстан егемендігін алмай жатқанда көшіп
келгендердің қатарында менде бармын. Ол кезде 12-13 жас шамасындағы бала едік.
Ата-анамызға еріп, арман қуып, ат арытып, атажұртқа келген алғашқы
қарлығаштардың, қандастардың қатарында болғанымды, осы бір тарихи сәттің
куәгері болғанымды мақтан тұтамын.
Осы көшті ұйымдастырушылардың қатарында тасада қалған
азаматтың бірі Шаяхмет Бұрқанұлы. 1953 жылы Монғолияда өмірге келіп, Ленинград
жоғарғы әскери оқуын, Монғолияның мемлекеттік университетін, экономиканың
жоғарғы мектебін бітірген белгілі қоғам қайраткері.
Монғолиядағы атқарған қызметі-мемлекеттік қызметтеріне
тоқталсақ, Министрлер кеңесінің Мемқұрылыс мемлекеттік бас проектный институтының
«бас жоспарлау» бөлімінің инженері, өндірістік
бөлімі басшысы, соңында құрылыс жөніндегі инженерлік өндірістік ғылыми зерттеу
институтының бөлім басшысы, әкімшілік бөлімінің басшысы, материальдық техникалық қанымдау
басқармасының бастығы, Еңбек биржасының
басшысы болып қызмет етті.
Атамекенге келген соң да қандастардың қамымен жүріп,
«Алаш» партиясының жалпы бөлім бастығы, «Асар» қоғамдық бірлестігінің Павлодар
облыстық филиалының төрағасы сынды қоғамдық қызметтерді де белсенді атқарып,
қандастарды құжаттандыру, құқықтық көмек көрсету саласында аянбай еңбек етті.
Өзі ғана 3 мыңнан астам қандастың құжаттарын реттеп беруге сіңірген еңбегі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Отандастар» қоры деген түк
қажетсіз ұйымдар ескерусіз қалдырды. 2019 жылы 17 желтоқсанда бұл өмірге деген
өкпесін арқалап, аяулы азамат бақилыққа кете барды. Сонымен Шаяхмет Бұрқанұлы
не дейді?
1991-жылы Монғолияда жаңадан құрылған Еңбек министрлігінің
басшысы Цолмонның (24.03.1991) № 84 бұйрығымен Эрдэнэт қаласынан Қаз.ССР-дің Еңбек және жұмыспен қамту мемлекеттік
комитетінің басшысы С.Д.Бейсенов
мырзаның қолдауы мен 5 жылдық еңбек шарты бойынша заңды түрде Шаяхмет Бұрқанұлы бастаған алғашқы көші
1991 жылдың 3 сәуірі күні Қостанай облысының Ленин ауданына 85 отбасы көшіп
келген еді. Еңбек күші қажет деген
сылтаумен Қазақ ССр-нің Үкімет басы Қаратай Тұрысов пен ауылшаруашылық министрі
Балташ Тұрсынбаевтың бастамасымен атажұртқа қазақтар алғаш аяқ басқан еді.
Ауылшаруашылығы,
кең комбинаттарына жұмысшылар ретінде келген қандастар 5 жылдық келісім шартпен
келді. Одан кейін қайтадан оралуына немесе азаматтық алып Қазақстанда қалуына
мүмкіндік берілді. Ол кезде Қостанай облысы тұрғындарының 11 пайызы ғана қазақ еді.
Шаяхмет Бұрқанұлының естелігінде «1991-жылы 03-сәуір
күні Россияның Курган қаласынан он шақты автобустар,бір екі жүк
машинасы,жедел жәрдем,милиция-ның (МАИ) көліктерімен арнайы қарсы алғаны бір
тарих.
Бұл көшті тіпті Иркутск
қаласының темір жол вокзалынан Ленин
ауданының Азамат, Холод деген азаматтары күтіп алып, екі азамат, әр адам басына Қостанайға жеткенше
тамақтануға 100 рубльден таратып поездің ішінде Курганға жеткенше барлық іс
қағаз,құжаттарын тіркеп, даярлап келгені еді.
Сол кездегі» Казахстан правда» «Қостанай»
газетіндеде жазылған мақалалар бар ғой. Жалпы
Қостанай облысының және Ленин ауданының әкімшілігінің алғаш келген қазақтарды
орналастыру,оларға жағдай жасау жөнінде шығарылған көптеген шешімдері,ақша
қаражат, баспана беру, жұмысқа орналастыруы туралы мәліметтерінде қараса
жеткілікті.
Жалпы көш емес жай эксперимент ретінде Ш.Зуха
(Монғолияда Құрылыс және Құрылыс өндірісі министрлігінің вице министрі,соңында
Сов.мин-нің ГОССТОЙ-дың 1-орынбасары болған азамат кәзір Алматыда
зейнеткерлікте) ағай басқарып, 1991-жылдың басында Алматы облысының Сарыөзек
ауданына 41 жас, салт азаматтар келгені рас.
Олар отбасымен
келмегендіктен, еңбек шартымен келген жұмысшылар тобы еді. Ол көшке саналмайды.
Нағыз отбасымен,ата-анасымен,дүние мүлкімен толық, заңды бұйрықпен келген, сол кездегі Қостанай облысының компартиясының
обкомның 1- басшысы болған Князов Николай Трипоновичтің тілегі, ниеті,қолдауымен
келген алғашқы көштің қарлығаштары Қостанайға келген 85 отбасы еді.
Басқа облыс басшылары қазақ көшін қарсы алуға қарсы
болды. Н.Т.Князов – Монғолияның ауылшаруашылық министрінің кеңесшісі болып алты
жыл Монғолияда жақсы қызмет етіп,сол елдің орденімен марапатталып келгені үшін
Москвадан Қостанай облысының компартиясының 1-хатшысы болып тағайындалған
азамат екен.
Сондықтан Н.Князов «Мың отбасы келсе де қарсы алуға»
уәде бергені естен кетпейді» деп жазған
екен.
Тіпті
алғашқы көшті ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті атынан
автокөлікте сыйлаған еді.
Қаншама қандастың атажұртқа оралып, тамырын жайып,
тәуелсіз елдің іргетасын қаласуына еңбегі сіңген азаматтың елеусіз қалғаны
өкінішті. Қазақ қашанда ұлысын өлгеннен кейін ғана бағалайтын халық қой. Тарих
өз бағасын берер. Жалпы Шаяхмет Бұрқанұлы текті әулеттің баласы. Атасы Тұрды
Төлекенұлы 1931-1938 жылдары Баян-Өлгей аймағы орнамай тұрғанда Шеруші хошууны
құрылып, әкімі қызметін атқарған адам. Монғолияның Үкіметінен қазақтардың хал
ахуалы туралы арнайы хат жазып, премьер-министр Гэндэн, ішкі істер министрі Дэмидтерді
қонақ етіп, қазақтың салт-дәстүрі, тұрмысымен танытып, кейіннен қытайдан
оралған қаншама қазаққа бас көз болып, Ұлынқұсын сұмынында алғашқы мектеп,
мәдени ошақтарын салғызған қоғам және мемлекет қайраткері.
Алғашқы Ұлы құрылтай мүшелерінің бірі, «Еңбек қызылту»
орденінің иегері, 1938 жылы осы Гэндэндермен бірге «халық жауы», «жапон
тыңшысы» ретінде нақақтан атылған нәубет құрбаны.
Бұл кісі туралы
ұрпақтарының бірнеше мәрте аймақ әкімдігіне шығып, тарихи әділ бағасын беру
туралы талабынан кейін Баян-Өлгей аймағының әкімді Төлекенұлы Тұрдыға аймақ
орталығынан және Ұланқұс сұмынынан бір көше бергізген еді. Өкініштісі, тарихты
бұрмалаушылар рушылдыққа салынып, Төлекенұлы Тұрдының еңбегін көрсетпей келе
жатқандығы қынжылтады. Бірақ уақыт төреші.
Бәрібір әділдік орнынан келеріне кәміл сенеміз. Ал
әкесі Бұрқан Тұрдыұлы да мемлекеттік лауазымды қызметтерді атқарған азамат.
Мұғалім, аймақтық техникум директорының орынбасары, құрылыс бөлімінің басшысы,
үш аймақтың құрылыс басқармасының басшысы, Монғолияның құрылыс министрлігінің
кадр департаментінің директоры сынды лауазымды қызметтерді атқарған.
Чехияның құрылысшыларымен бірлесіп Баян-Өлгей
аймағындағы ақпарат пен коммуникацияны таратып отырған биік анттенаның
құрылысын басқарған адам. Әрине бұл кісі туралы да жергілікті «тарихшылар»,
«жазушылар» ләм-мим демейді.
Міне, осындай текті әулеттен тараған Шаяхмет Бұрқанұлы
да қанына тартып, қазақтың болашағы үшін ерең еңбек етіп кетті. Мақала соңында
еліміздің жастары бұл шындықты білсін деген мақсатпен және елі үшін еңіреп, тар
жол, тайғақ кешкен ағалардың еңбегі тарихта қалсын деп жазып отырмыз.
Алғашқы көштің тарихы осындай еді... Жаныныз жәннатта
болсын. Шаяхмет Бұрқанұлы. Ел бар да сіз барсыз.