Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Үкіметтің пессимистік жоспарында мұнайдың бір баррелі 60 долларға дейін "құлайды" деп көрсетілген

36



Үкімет 2025 жылғы бюджет жоспарында мұнайдың бір баррелі ОПЕК+ бекіткен 75 долларға сүйенеді, ал пессимистік жоспарында бұл көрсеткіш 60 долларды құрайды. Дегенмен бұл арада АҚШ әрекеті маңызды рөл атқаратынын Үкімет жоққа шығармайды.

"АҚШ-тың жаңа әкімшілігі қандай шаралар қабылдайды, оның нәтижесі І-тоқсанда білініп қалады. Меніңше, мұнай бағасына қатысты саясат теңгерімді сақтауға тырысады. Мұның бәрін бастан өткергенбіз. Өткенге көз жүгіртсек, егер мұнай бағасы айтарлықтай төмендесе 📈, кейін ол күрт 📉көтеріледі. Себебі оны өндіру керек, ол үшін мұнай кен орындарына үнемі 💵 инвестиция салу қажет. Инвестициясыз саланың өміршең болуы мүмкін емес. Ал инвестиция үшін мұнайдың теңгерімді бағасы қажет", – деді Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бүгінгі брифинг барысында.

Ол 2014 жылы игерілген мұнайдың бір баррелі 40 доллар деген бағам пессимистік жоспарда да қарастырылып отырмағанын айтты.

"Ал егер алда-жалда жағдай солай қалыптасса, 🫢онда экономиканың өсімі 4-4,5%-ға дейін баяулауы мүмкін", - дейді Байбазаров.

Айта кетсек, АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трамп сайлауалды науқан кезінде әлемдік мұнай бағасын 40 долларға дейін "құлатуға" бел буып отырғанын айтқан еді.