Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Ресей Қазақстанның 3 қаласында ЖЭО салады: Мәжіліс заңды қарауға алды

41



Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан аумағында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жағатын жылу электр орталықтарын салу жобалары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарауға алды.

Келісім Көкшетау,  Семей және Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын салу жобаларын іске асыру бойынша Қазақстан Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға бағытталған. Келісім жабдықтарды жобалау, дайындау және жеткізу, жаңа жылу электр орталықтарын пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ қазақстандық тарапқа Ресейдің мемлекеттік экспорттық кредитін беруге жеңілдетілген қаржыландыру тетігін орындау шарттарын айқындайды, – деді Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы.

Ресей Қазақстанда салатын жылу электр орталықтарының қуаты төмендегідей:

Семейде – 360 МВт;

Өскеменде – 360 МВт;

Көкшетауда – 248 МВт.