Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Асылбек Байжұмаұлы. Қазақтың тойлары шектен шықты

4904



Әлемжеліде дарақыланып күлдірем деп бүлдіріп жатқан той видеоларын көргенде ұялам.
Түйе, жылқы, машина кіргізіп, қойға шапан жауып, жартылай шешініп билеп, ұрпаққа өнеге беретін апа, әже, аталарымыз мәдениет, ар, ұяттан безіп, ақ жаулығы мен ата сақалын салбыратып қисалаңдап билеп жүргені қандай жиіркенішті.
50-ден асқанда таққа отырып, төрт бес жігітке көтертіп мәз боп келе жатқан ақымақ пен оған қосарлана қолшапалақтап ыржалаңдаған есалаң тобырға қарап күйінесің.
Сол тойда тәйт деп тоқтататын дана қария мен әже табылмағанына таң қаласың.
Ал білімсіз тамадалар елді күлдіреміз деп, рухани азғындыққа жол беріп жатқан оңай олжа тапқыштар той көрігін қыздырып, ақша үшін абырой, арды артқа тастап, қазақ деген ұлттың қасиетті атына кір келтіріп жатқанын білмейді-ау!
Біз қайда бара жатырмыз? Ойланатын уақыт жоқ па? Елге сөзі өтіп, тоқтау салатын аталар қайда?
Қырғыз елі тойды мемлекеттік деңгейде қолға алды.
Қаншама жанды қарызға батырып, орыстың салтымен екі жасты үлкендердің басына шығарып, төрге отырғызып, торт үрлетіп жасап жатқан тойлардан береке тапқандар бар ма?
Қазақ қашан жас келінді төрге отырғызып еді.
Босағаға жақын отырғызып, баталарын беруші еді ғой.
Жастарды төрге отырғызып "счастье вам, горько" деп арақ ішетін доңызбен қоректенетін жабайы халықтың дәстүрі емес пе?
Қысқасы той бизнесін мемлекет қолға алмаса болмайды.
Көше толған кафе, ресторандардан ел экономикасына қандай пайда түсіп жатыр? Есептеп көрген жан бар ма?
Той болсын. Бірақ мәдениетті, шектеулі, ұлттық нақыштағы орташа, шағын тойлар жасап үйрену керек.
Сонымен мұны түзетудің бірнеше жолын ұсынамын:
1. Барлық тойханаларға салық салу керек;
2. Тамадалар лицензия алып, ип ашып тіркеліп, салық төлесін.
3. Той уақытын 3 сағатқа қысқарту керек.
4. Тойханада үйлену тойы, қыз ұзатудан басқа тойларды өткізуге шектеу қою керек.
5. Барлық тойларда тек фуршетный стол ғана әзірлену керек.
6. Тойларда қонақ санын 100-ден асырмау қажет. Одан артық шақырса тойхана иесіне айыппұл салу керек.
7. Тойларда концертпен би және ұлттық сайыстарды өткізуге ғана рұқсат беру керек.
8. Тойда 60-тан асқан ақсақалдар мен әжелер ғана құттықтап, қалғандары "Той тілегі" кітабыны тілектерін жазып кетсін.
9. Жұмыс күндері той тойлатуға тиым салынсын.
10. Мемлекет тойхана салуға 5-жылға мораторий жариялау керек.
Жалпы кез-келген той жеке адамның жақын туыстарымен бөлісетін жеке қуанышы.
Демек жеке тойларын даталы туған күндер, тұсаукесер, тілашар, құдалық т.б тек үйлерінде тойлануы керек.
Ендеше шақырылатын қонақ саны азайған сайын шығын көлемі де азаяды.
Бұл әулеттің экономикасына да әсері зор болмақ.
Әрине, байдың асын байқүс қызғанар дегендей, мені даттайтындар да болар.
Бірақ еліміз түзеліп, іргеміз бекіп, жағдайымыз жақсарып, тұрмысымыз түзелсін десек тойлатудың да тәртібін қабылдай білгеніміз жөн.
Қаптаған тойхана сала бермей, кәсіпкерлер өндіріс ашсын. Жұмыс орындарын ашсын.
Мемлекеттің өзінде ірілі, ұсақты той көп. Бюджеттің миллиардтарын бұлай жөнсіз шашуға болмайды.
Наурыздан, жаңа жылға дейін тоқтаусыз той, аспаннан ағылып түсіп жатқан темір, терсектер, алғыс хаттар.
Мемлекеттің өзі де мерекелерді оңтайландыру керек.
Наурыз, Республика күні ғана қалсын.
Ал қалған мерекелерді әр сала өзі ресми түрде атап өтсін.
Бұл менің жеке пікірім. Келісу, келіспеу өз құзырларыңызда. Бірақ дарақылық пен ысырапшылдық зардабын тартып жүрген қазақтың тұрмысы ғана емес руханияты да, мәдениеті де құрдымға кетіп бара жатқанын ескерсін деген жан айқайым.
Бүрысы болса кешірім сұраймын.
Ойларыңыз бен пікірлеріңізді мәдениетті түрде жеткізем десеңіздер мархабат!