Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Той vs депозит: Бір күндік қуаныш үшін барлық жинақты сарқып салу ақылға сия ма?

102



Жыл өткен сайын той өткізудің қаржылық ауыртпалығы артып келеді. Әзір Алматыда той өткізуге орташа есеппен 10 млн теңге керек.

Ақша менталитеті осы тұста бір күндік думанға жұмсалатын қомақты қаржының болашаққа әсерін талдап көрді.

Айталық, сіз ілгерідегі 10 млн-ды жылдық
🏦
 14% табыстылығы бар депозитке салдыңыз делік.



🔸

Бір жылдың өзінде бұл сома 1 400 000 теңге табыс береді.

🔸

 Егер бұл ақшаны 5 жыл ұстасаңыз, капиталданған пайыз арқылы жалпы табыс 19,25 миллион теңгеге дейін жетеді.

Бұл – тойдың өзіндік құнынан кем түспейтін қосымша қаражат.



📈

 Бұл соманы инвестицияға салсақ ше?

Жылдық орташа 15% табыстылықпен акцияларға салынған 10 миллион теңге 10 жылдың ішінде шамамен 40 миллион теңгеге дейін өседі. 20 жылда бұл сома 160 миллион теңгеден асады.

Бір күндік тойдың орнына осындай капиталға ие болу, өзіңізге және отбасыңызға тұрақты қаржылық еркіндік сыйлау рахат емес пе?



"Тойға кеткен ақша бір сәттік эмоция, ал пассивті табыс көзі жылдар бойы берекесі тасыған қаржылық тұрақтылық. Бір күндік қуаныш үшін барлық жинақты сарқудың орнына, сол қаржыны байлық құруға бағыттасаңыз, болашағыңызға жасаған ең парасатты қадам болар еді", - деп пайымдайды Ақша менталитеті.