Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Түркияда Құрбан айт кезінде 16 мыңға жуық адам жарақат алды

2147
Республика Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Коджидің айтуынша, жараланғандардың көпшілігі құрбандыққа мал сою кезінде түрлі пышақ жарақатын алып, медициналық көмекке жүгінген. «Құрбан-байрам мерекесінің бірінші күні құрбандық малдарын сою кезінде алған жарақаттарына байланысты ел ауқымындағы медициналық мекемелерге 16 мыңға жуық адам жүгінді», – деп жазды министр Х порталында. Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі сонымен қатар Анкарада 1274 адам, Стамбулда 840 адам, Измирде 416 адам зардап шеккенін жеткізді. Жергілікті билік органдарының талаптарына сәйкес құрбандыққа шалынған жануарларды сою санитарлық нормаларды сақтай отырып, осы үшін арнайы бөлінген орындарда жүзеге асырылуы тиіс. Алайда Түркияда бұл талаптар жиі бұзылып, жыл сайын Құрбан айт мерекесінде мыңдаған жергілікті тұрғындар жарақат алады.