Азаматтық қоғамның елді біріктіретін ролі
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жүргізген «Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оң бағалаған халықтың үлесі» сауалнамасының қортыныдысына сүйенсек, қоғам өкілдерінің 66, 7 % елдегі азаматтық қоғам институттарының жүргізіп жатқан жұмысына оң бағаларын берген. Қазақстанда Аазаматтық қоғамды дамыту Тұжырымдамасы 2020 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 2020 жылы бекітілген. Тұжырымдама екі кезеңді қамтиды.
2020-2025 және 2026-2030 жылдар аралығы. Тұжырымда негізінде елімізде азаматтық қоғам институттарын қалыптастыру және волотенрлік, гранттық жүйелер арқылы үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру және мемлекет атқаратын көптеген қызметтерді азаматтық қоғамның белсенді өкілдері арқылы жүзеге асыру көзделген. Жалпы алғанда бұл жұмыс жүйелі түрде қалыптасты. Қазіргі таңда елімізде 23 мыңнан астам азаматтық қоғам ұйымдары жұмыс жасауда. Түсінікті болу үшін азаматтық қоғамның қалыптасу тарихиына тоқтала кеткенді жөн санадым.
Азаматтық қоғамның шын мәнінде жұмыс істеуі Англияда және АҚШ-тағы адам құқы туралы биллдің және Франциядағы адам және азамат құқықтарының Декларациясының қабылдауынан басталады. Осыған орай, қалыптасқан азаматтық қоғамның негізгі белгісіне құқықтары мен бостандықтарын қорғауға негізделген адамдардың теңдігінің заңды түрде бекітілуі жатады. Азаматтық қоғам жетілуінің критериі-мемлекет тарапынан адам және азамат құқығының жүзеге асырылып,оған кепіл болу деңгейі болып табылады.
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада болмасын тарихта болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.
Өткен жүзжылдықта саяси ойлардың классиктерімен қаралған «Азаматтық қоғам» ұғымы антикалық полистердің феноменімен шықты. Полис гректер үшін ерікті азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепіл болатын қоғамдық өмірдің саласы. Полис-ең алдымен азаматтарды оған біріктіретін қоғам, сонымен бірге осы қоғамды қалыптастыратын материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы. «Полис» термині әдетте адамдарды топтастырушы аудармада «қала мемлекет» ретінде беріледі, бірақ ол сол сияқты «азаматтық қоғам» терминінің семантикасын да береді.
Сондықтан полис ұғымы «азаматтық қоғам» және «мемлекет» дегенді білдіретін антикалық терминді біріктіреді.
ХVIII ғасырға дейін Еуропалық әлеуметтік-саяси трактаттарда,оның ішінде Ж.Ж.Руссо және И.Кант еңбектерінде «азаматтық қоғам» және «саяси мемлекет» терминдері бірін-бірі толықтырушы ретінде қолданылып келген. Стратификацияның саяси және әлеуметтік формасынан жеке өмірдің мемлекеттік-саяси бақылау саласының эмансипацияға өте бастауы, ерте буржуазиялық ревалюция дәуіріне жатады, бірақ жаңа тәртіптің концептуалды-терминалогиялық бекітілуі кейінірек қабылданады.
Жаңа дәуірдің ойшылары азаматтық қоғам мен саяси қоғамды анығырақ ажыратты. Антикалық «азамат», «азаматтық» деген сөздер олардың еңбектерінде жаңа мәнге ие болды. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасында теңдік пен еркіндіктің тарихи белгілері қойылды. Олардың кейбіреулері (Н.Макиавелли,Г.Гоббс,Г.Гегель және т.б.) «демократиялық қоғамдық ұйымдар-мемлекет» деп мемлекетке көңілге бөле, этатистік позицияны ала отырып, азаматтық қоғамның болашағын мемлекетпен байланыстырды.
Азаматтық қоғам концепциясын, оның мемлекетпен өзара тәуелділігін зерттеуде Г.Гегель еңбектері зор мәнге ие. Француз, англо-саксондық және неміс қоғамдық — саяси ойшылдарының барлық шығармаларын жүйелеу негізінде Г.Гегель азаматтық қоғамның орта ғасырдан жаңа кезеңге дейінгі ұзақ та, күрделі тарихи трансформациялау процесінде отбасыдан мемлекетке дейінгі диалектикалық қозғалыстың ерекше даму сатысын білдіреді,-деген шешімге келген. Азаматтық қоғам-отбасы мен мемлекет арасында болатын дифференциация, әйтсе де азаматтық қоғамның дамуы мемлекет дамуынан кейін жүреді.
Азаматтық қоғамның XVII-XVIII ғасырдағы ұғымына өзін-өзі басқаратын мемлекеттік емес ұйымдарды, ассоциацияларды, адам құқығын, қоғамдық келісімді, халық егемендігін, азаматтардың мүдделерін жүзеге асырушы және бақылаушы негізгі элементтер кірді.
XVIII ғасырдың аяғында XIX ғасырдың алғашқы жартысында еуропалық және американдық қоғамтанушылар арасында «азаматтық қоғам мемлекетке қарсы» тақырыбы қызықтыра бастады.
Азаматтық қоғамның классикалық моделі Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде және АҚШ-та XVIII-XIX ғасырдың басында қалыптаса бастады. Буржуазиялық төңкеріс нәтижесінде сословиелік сарқыншақтардың жойылып, билік бұтақтарының бөлінуі, сөз, ождан, ұйымдар бостандығының құқықтық кепілінің құрылып, заң алдында азаматтардың теңдігі қамтамасыз етіледі.
Батыс елдерінде азаматтардың жеке өміріне мемлекеттің араласпауына, олардың ар — намысын сыйлауға, экономикалық еркіндікке және тағы басқаларға кепілдік конституциямен бекітіледі.
Азаматтық қоғамның классикалық моделі Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде және АҚШ — та XVIII-XIX ғасырдың басында қалыптаса бастады. Буржуазиялық төңкеріс нәтижесінде сословиелік сарқыншақтардың жойылып, билік бұтақтарының бөлінуі, сөз, ождан, ұйымдар бостандығының құқықтық кепілінің құрылып, заң алдында азаматтардың теңдігі қамтамасыз етіледі.
Батыс елдерінде азаматтардың жеке өміріне мемлекеттің араласпауына, олардың ар — намысын сыйлауға, экономикалық еркіндікке және тағы басқаларға кепілдік конституциямен бекітіледі.
Қазақ қоғамындағы азаматтық қоғамның тарихъын сонау 18-19 ғасырлардан алуға болады. Хандық құрлымында мемлекеттік биліктің бір сатысы билер кеңес бірден сот, қазылықтың ролін атқарса, екіншіден азаматтық қоғам өкілдерінің де ролін атқарған. Ханның кез-келген шешіміне келспеген жағдайда билер өз ұсыныстарын айтып, райынан қайтару немесе қолдау ишаратын жеткізген. Демек, билер тек өз мүддесі ғана емес қарашаның да мүддесін қорғап отыр деуге негіз бар. Бүгіңгі таңда ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы да жұмыс жүргізіп отыр. Мысалға кез-келген қоғам өкілі елдегі өзекті мәселелерді жоба ретін ала отырып, оның шешілуіне атсалысуына және басқаларды жұмыспен қамтуға мүмкіндік ала алады. Соның ібірі волонтерлік қызметті жандандыру және гранттық саясатты қалыптастыру.
2020 жылы гранттық жобаларды жүзеге асыруға 1,5 млрд тенге қарастырылып 117 жоба іске асырылса, 2021 жылы 50, 2022 жылы 1,9 млрд теңгеге 60, 2023 жылы 1,2 млрд теңгеге 56 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
2022 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ұлттық құрылтай» құрылды. Бұл жоғарыда айтып кеткен хандық құрылымдағы қоғам өкілдері қатысатын құрлытайлардың жаңа форматы. Екі жылдың ішінде Ұлттық құрылтайдың беделі өсіп, елдегі маңызды мәселелерді талқылап тиісті шешім шығарып келеді. Ұлтқа жанашыр тұлғалардың құрылтайда көтеріп жатқан әлеуметтік –экономикалық мәселелері «Жаңа Қазақстан» құруды алғышартында көрсетілген азаматтық қоғам мен биліктің өзара үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін бірден-бір құрал болып табылады.
Сонымен қатар еліміздегі барлық мемлекеттік органдардың жанынан Қоғамдық кеңестер құрылды. Қазіргі таңда 258 Қоғамдық кеңес жұмыс жасауда. Оның 35-республикалық, 223-жергілікті деңгейде құрылған. Жыл басынан бері Қоғамдық кеңестердің 600 отырысы өткізілді. 2000-ға жуық нормативтік құжаттар қаралып 98% шешімін тапса 37 құқықтық құжат келісілмеді. 100 ден аса қоғамдық тыңдалым ұйымдастырылып, 70 ке жуық республикалық және жергілікті деңгейдегі басшылардың есебі тыңдалып тиісті ұсыныстар берілді.
Жалпы алғанда мейірімді қоғам құру, халықты оның ішінде жастарды қайырымдылық пен патриотизмге тәрбиелеудің басты құралдарының бірі үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарына қоғамды жұмылдыру. Міне бұл жұмыс қазіргі таңда жүйелі атқарылып келеді. Ал оның сапасы бөлек әңгіме.
Асылбек Байжұмаұлы