TOPIQ білім беру платформасының мүмкіндіктері.
Бұл оқыту мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесінің негізгі компоненті болып табылады. Оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде жаңа буынды цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану барлық педагогикалық қауымдастықтың алдында тұрған ең өзекті мәселе. Мәселені шешудің негізгі жолдарының бірі – сапалы электронды оқу құралын жасау және телекомуникациялық желіде (wi-fi) сәтті қосылулармен қамтамасыз ету. Оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын қолдану оқуға деген қызығушылықты арттырып, оқу материалдарын жеңіл игеруге көмектеседі.
Білім беру жүйесінде жаңаша оқыту барысында цифрлық оқыту заман талабы. Цифрлы оқыту барысында мұғалімге көмекке онлайн ресурстар, платформалар көмекке келеді. Оның ішінде ең ұтымдысы, ең пайдалысы «Алматыкітап» баспасы ұсынып отырған TopIQ платформасы деп айта аламын
Бұл платформаны тиімділігі неде? Электронды оқулықтар жеке оқушымен немесе оқушылар тобымен тек сынып қабырғасында ғана емес, басқа да жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, оқушы оны экскурсияда, жолда, спорттық жиындар кезінде қолайлы және оңай пайдалана береді. Платформада мемлекеттік білім беру бағдарламасы аясындағы бірегей интерактивті және мультимедиалық материалдар біріктірілген және оқушылар мен мұғалімдердің бір-бірімен кері байланыс орнатуына қолайлы. Оқушыларға жаңа әдіс-тәсілдер мен оқуға заманауи сандық операцияларды қолдануға мүмкіндік пайда болды.
Қазіргі уақытта баланың қолынан телефон түспей, видео көргенше, сол телефоннан сабақ оқығаны өте дұрыс. Сабаққа қатысты қызықты тапсырмаларды орындап, білімін жетілдіре алады. Сондықтан балалардың уақытын тиімді өткізуіне өте керекті платформа.
Біріншіден, TOPIQ kz. платформасы өте ыңғайлы, қол жетімді, үнемі қолымызда болатынына көз жеткіздім.
Екіншіден, үй тапсырмаларын орындауға ыңғайлы оқулық беттеріндегі суреттердің бәрі анимация түрінде берілген яғни тақырыптарға байланысты бейнематериалдармен ақпараттар берілген. Жаттығу жұмыстарын орындап, мұғалімге жіберуге болады. Қазіргі білім стандартына сай оқылым, тындалым, жазылым бәрі қарастырылған.
Толыққанды ойластырылып жасалған платформа оқушы үшін де мұғалім үшінде тиімді. Сабақ бере отырып, оқушыларды қадағалай аламыз. Оқушылар үйге берілген тапсырмаларды орындап, қатемен жұмыс жасай алады.
Электрондық оқулықтар платформасы арқылы бізге ұнағаны әр баланың қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып, тапсырмалар беру мүмкіндігі ойластырылған. Информатика, география пәндері бойынша қолдану мүмкіндіктері жоғары, әр тақырып бойынша тапсырмалар жиынтығы жүйелі берілген. Өйткені электронды оқулық әр оқушымен жеке немесе топтық жұмыс істеуге де тиімді. Тағы бір ерекшелігі оны қашықтан да, дәстүрлі оқу форматында да пайдалануға болады. Тақырыпқа сай видео, аудиоматериалдар, графикалар және зияткерлік бағдарламаларды толықтай меңгере алады.
Аманбаева Анира Барашқанқызы,
Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Әулиеағаш ауылы "Әулиеағаш орта мектебі" КММ информатика пәнінің мұғалім