Munarmedia.kz.15.11.2026.ASTANA Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы күнделікті өмірде араб сөздерінің орнына қазақтың төл сөздерін көбірек қолдануға кеңес берді.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев діни ортада араб тілінен енген сөздерді қазақша баламалары бола тұра жиі қолдану үрдісін сынға алған еді. Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы уақытта дінге қатысты араб сөздерін қолдану сәнге айналған. Бұл жағдай ойлануды қажет етеді.
Президенттің пікірінен кейін ҚМДБ бірқатар сөздердің қазақша баламаларын ұсынды.
Мәселен, «ифтар» мен «сухур» сөздерінің орнына «ауызашар» және «сәресі» атауларын қолдануға шақырды.
Күнделікті бес уақыт намазды атағанда «таң», «бесін», «екінті», «ақшам» және «құптан» сөздерін пайдалануды ұсынды.
Сондай-ақ «ахи», «ухти», «абла», «аби», «брат», «сестра» деген сөздердің орнына «бауырым», «ағам», «інім», «әпкем», «апам», «қарындасым» деген қазақы атауларды қолдануға кеңес берді.
#Тоқаев #ҚМДБ #ҚазақТілі #Дін #РуханиҚұндылық #Munarmedia