Munarmedia.kz.15.11.2026.ASTANA 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда дәрілік препараттарды сатуға қойылатын талаптар қатаңдатылмақ. Бақылау дәріханаларға ғана емес, маркетплейстер мен басқа да сауда алаңдарына да қатысты болады.
Тексеріс кезінде жалған және мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілердің сатылуына, сондай-ақ дәрігердің рецептімен ғана босатылуы тиіс препараттардың рецептсіз берілуіне ерекше назар аударылады.
Ереже бұзғандарға бірқатар шектеу шаралары қолданылады. Атап айтқанда, сауда нысандарының қызметі уақытша тоқтатылып, жекелеген дәрілерді сатуға тыйым салынуы мүмкін. Заңсыз айналымдағы препараттар саудадан алынады.
Жаңа талаптардың негізгі мақсаты – дәрі-дәрмек нарығындағы заңсыз сауданы шектеу және халықтың денсаулығына қауіп төндіретін препараттардың таралуына жол бермеу.
#Қазақстан #ДәріДәрмек #Дәріхана #Денсаулық #Заң #Munarmedia