Трамп, Путин және Си Цзиньпин Қытайда үшжақты келіссөз өткізуі мүмкін

52

Munarmedia.kz.16.11.2026.ASTANA Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамп, Ресей басшысы Владимир Путин және Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің үшжақты кездесуін жариялады. Кездесу келесі аптада Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында өтеді деп жоспарланған.

Келіссөздердің негізгі тақырыптары ядролық қару-жарақты қысқарту және Иран төңірегіндегі жағдай болмақ.

Ақ үйдің мәліметінше, бұл кездесу тараптар арасындағы диалогты бастауды көздейді. Сондықтан әзірге нақты келісімдерге қол жеткізіледі деп күтілмейді.

Бір қызығы, үш ел басшысының кездесу күн тәртібіне Украинадағы соғыс мәселесі енгізілмеген.

Сонымен қатар Дональд Трамп пен Си Цзиньпиннің жеке кездесуі 19 қарашаға жоспарланған.

#АҚШ #Қытай #Ресей #Трамп #Путин #СиЦзиньпин #АТЭС #ӘлемЖаңалықтары #Munarmedia