Munarmedia.kz-23.11.2026ж/Астана/-27 қарашадан бастап Қазақстанда 7 мен 16 жас аралығындағы балаларға қалааралық және халықаралық автобустармен ересектердің еріп жүруінсіз сапарға шығуға рұқсат етіледі.

Алайда ол үшін ата-анасының бірінің нотариалды куәландырылған келісімі немесе электронды рұқсаты қажет.

Балалардың түнгі уақытта өз бетінше жол жүруіне шектеу қойылады. Атап айтқанда, сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін автобуспен жалғыз жүруге болмайды.

Ал 16 жастан асқан жасөспірімдер түнгі уақытқа қатысты шектеулерді сақтай отырып, ересектердің еріп жүруінсіз сапарлай алады.

Сонымен қатар автобустардың бағыттарын белгілеу тәртібі де өзгереді. Енді маршрут нөмірлері сары фонда қара түспен жазылады. Ал экспресс бағыттарда қызыл түсті «Экспресс» деген жазу болады.

\#Қазақстан #Автобус #ЖолаушыларТасымалы #БалаларҚауіпсіздігі #ЖолЕрежесі #MunarMedia