Арқаның арда азаматы Ермек Маржықпаев

49
Munarmedia.kz | 19.07.2026 | ASTANA Кез келген өңірдің даму тарихы сол кезеңде ел басқарған азаматтардың еңбегімен өлшенеді. Ақмола өңірінің соңғы онжылдықтағы даму жолына көз жүгіртсек, бұл кезеңнің маңызды бөлігі Ермек Боранбайұлы Маржықпаевтың есімімен байланысты екені анық.
Ол Көкшетау қаласының әкімі, кейін Ақмола облысының әкімі қызметтерін атқара жүріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосты. Басшылық қызметтегі басты ерекшелігі – өңір мәселелерін жақсы білуі және қабылданған шешімдердің ұзақ мерзімді нәтижесіне мән беруі болды.
Ермек Маржықпаевтың басшылығы кезінде Көкшетау қаласында тұрғын үй құрылысының қарқыны артты. Жаңа шағынаудандар салынып, инженерлік инфрақұрылым жаңартылды.
Жолдарды жөндеу, көшелерді абаттандыру, қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Кешелі бері думандатып, әйгілі әншілерді әкеп, салют атып жатқан "Жағалаудың" құрылысын жоспарлап басын бастап кеткен, қазір зәулім үйлер салынып жатқан "Сарыарқа" мөлтек ауданын салған Ермек Боранбайұлы Маржықпаев екенін бәрі біледі.
Ерекең қарапайым азамат.
Қатты пиарды, публикаға ойнап сөйлеуді ұнатпайтын.
Көкшетаудың қаншама көшесін жаңалап, жолдарын түзеп, жөндеді.
Әсіресе Жамантұздан бері қалаға кіре-беріс қазір қандай керемет.
Көкшетауда жылу электр станциясында салу қажеттігін Үкіметте көтеріп, мәселені Президентке жеткізгенін естігенбіз.
Ал мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Әуелбеков пен облыстың дамуына ерең еңбек еткен Қосман Қайыртайұлына ескерткіш қойып, ағалар рухын асқақтатғаны есімізде.
Ермек Боранбайұлының кезінде өңірдің денсаулық сақтау мен білім беру нысандарының құрылысына ерекше көңіл бөлінді.
Жаңа мектептер мен балабақшалар пайдалануға беріліп, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайтылды.
Спорт, мәдениет инфрақұрылымын дамыту да назардан тыс қалған жоқ.
Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өндірісін қолдау, инвестиция тарту және кәсіпкерлікті дамыту бағытында да нақты жобалар жүзеге асырылды. Туризм саласында Бурабай курорттық аймағын дамытуға бағытталған жұмыстар жалғасын тауып, өңірдің инвестициялық тартымдылығы арта түсті.
Әрине, кез келген әкімнің қызметіне қоғам әртүрлі баға береді.
Шешілмеген мәселелер де, айтылған сын-пікірлер де болды.
Көзінше мақтап, кеткен соң даттап жүргендер де бар.
Бұл – мемлекеттік қызметтің табиғи сипаты.
Дегенмен уақыт өте келе тұлғаның еңбегі эмоциямен емес, нақты нәтижемен бағаланады.
Бүгінде Көкшетаудың келбеті мен Ақмола облысының даму тарихына қарасақ, Ермек Маржықпаевтың қолтаңбасы қалған көптеген жобаларды көруге болады. Мемлекеттік қызметтің басты өлшемі – халыққа қызмет ету болса, ол осы қағиданы жүзеге асыруға күш салған басшылардың бірі ретінде есте қалды.
Туған жердің өркендеуіне үлес қосқан азаматтарды бағалау – өткенді дәріптеу ғана емес, болашаққа жол салу.
Өйткені өңірдің дамуы – бір адамның емес, елге адал қызмет еткен азаматтардың ортақ еңбегінің жемісі.
Арқа төсінде туған елге қызмет ету үлкен жауапкершілік.
Сол жауапкершілікті көтере білген азаматтардың бірі – Ермек Боранбайұлы Маржықпаев екені сөзсіз.
Анамның өмірден озған күні, ағамның жақсылығы есіме түсіп кетті.
Аман болыңыз, арқаның арда азаматы.
Әлі де талай атқа мініп, облыс басқарады деген сенімдемін!
Ер еңбегін елі ұмытпайды.
Баяжума Асылбек