Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Асқар Ақаев экс-президент мәртебесін қайтаруды сұрады

23

Ол 2005 жылы «тұңғыш президент» мәртебесінен, 2010 жылы «экс-президент» мәртебесінен 


Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Парламентке хат жолдады. Ол өзінің экс-президент мәртебесін қалпына келтіруді сұрап отыр.

Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және регламент жөніндегі парламенттік комитеттің басшысы Чолпон Султанбекова Ақаевтан парламент спикерінің атына хат 30 шілдеде түскенін айтты.

- Бұл жылдам процесс емес. Барлық фракциямен, депутаттармен кеңесу керек. Егер бұл орынды болса, онда мәселе күн тәртібіне шығарылып, шешім қабылданады, - деп хабарлады Чолпон Султанбекова.

Айта кетсек, Асқар Ақаев 1990 жылдан 2005 жылға дейін Қырғызстанды басқарды. 2005 жылғы «Қызғалдақ төңкерісінен» кейін ол Ресейге қашып кетіп, «тұңғыш президент» мәртебесінен айырылды, ал 2010 жылғы сәуір төңкерісінен кейін «экс-президент» мәртебесінен де айырылған болатын. Қазір ол Ресейде тұрып жатыр.

Фото: abai.kz

дереккөз. /malim.kz/