Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Жеңіс Оспанов. Cілеті ауылының "сілесі құрыды-ау!"...

24

«Аманат» партиясының назарына!!!


                       СОНЫМЕН «даудың басы Дайрабайдың қара сиыры емес» жер болып отыр. Бұ  қазақтың басынан сірәсі «дау кеткен бе»  сонау ықылым заманнан   жер үшін дау басталған дау (сәбет үкіметінің тұсында  тынышталып)  тәуелсіздіктің отыз жылдығында айналып қайта келді.  Егемендігімізді алып, аһілеп, үһілеп жүргенде «жесір дауы» жоғалып, жер дауы қылтиып көрінді. Кезінде Назарбаевтың тұсында ауылшаруашылығының жері, әркімнің шылауында кетті тістісі мен ептінің, мықты мен күштінің ықпалына түсіп, солардың ығына жығылды. Жарайды, саясат солай болған шығар!? Бізде қит етсе, әсіресе қазір күні, бұрынғы экспрезидентті жата кеп жамандайтын, соның адресіне түрлі сөз айтатын  әжік-күжік әңгімелер көбейіп кетті. Бұны енді «уақыт төреші» көрсете жатар. 



                                                         *

                    Жаңадан реформа құры лып, «Әділетті Қазақстан» болады деп Президент айтты. Бірақ, әзірге бұқара мен биліктің арасындағы диалог өзіндік жолын таба алмай отырған сияқты. Өткен жолы Ақмола облысы, Ерейментау ауданы Сілеті ауылынан біздің сайтқа жүз елу адам қол қойған хат түсті. Негізгі хаттың басты бағыты ол-Ақмола облысының «Аманат» партиясына жолданған болатын-ды. Ақмола облысының мәслихатының депутаты Бегім Серікұлы Әкімов мырзаның «төрт мың гектар жері бар, халықпен санаспай отыр, қазіргі күні жылқымызды күні-түні бағып, соныңда тақымымыз қажалып жүрген» деген мазмұнда. 


                                                                      *

   Әрине,  атқарушы биліктің өкілі боп табылатын, кезінде іргетасын Назарбаевтың өзі құрған «Аманат» партиясынан үміт күткен сілетіліктердің үміті күл болды һәм сөнді.  Ақмола облысының «Аманат» партиясының өкілдерді һәм қызметкерлері «Бұл сұрақты жергілікті атқару бөлімінің қызметкерлері арқылы шеше аласыздар яғни жер бөліміне арызданып» деген жауап келген.

   Ал хатта облыстық мәслихат депутаты Б. С. Акимовтың депутаттық мандатын алып тастауды сілетіліктер өтініш етіп жазған болатын. Бұл жайында «Аманат» партиясының мүшесі депутат Б.Акимовты партиядан шығару, шығармау жайында облыстық партия филиалының басшылары ләм демеген. Демек, халықтың сенім артып, басына қиын іс түссе барып ақыл-кеңес алатын партияның бұл іске немқұрайлы қарауы қызық,-дейді хабарласқан тұрғындар.

    Әрине,  бір ауданның атынан облыстық мәслихатқа барып депутат болып отырған Бегім мырзаның бұл қылығы, өзінің сайлаушыларының сенімін ақтамағандығы дейміз бе, әлде «мықтының арты диірмен тасы» деген  оймен түйіндейміз бе!?

           Ендігі кезекте Сілеті ауылының тұрғындары «егер іс осылай жалғаса берсе, Ақордаға бірақ барамыз» деп отыр. Иә,  алаштың баласы елдің ахуалын көтеріміз деген сайлауда бағы жанып облыстық мәслихатқа депутат болған Беким Акимов (фейсбук парақшасында осылай тұр) «Нартәуекел» деп  атқа қонғанда «әб бәрекелді!» деп қолдаушыңыз болған елді сірәсі ұмытқаныңыз дұрыс болмады-ау!

     Елден асқан байлық жоқ, халықтан асқан Құдай жоқ. Құдайдан кейінгі халық.  Әділетті Қазақстан құрамын деп, шетелден инвестор іздеп, қазақтың іргесін дұрыстап бекітіп беремін деп Президент жалғыз өзі шырылдап жатыр.  

   Жалғыз үні дүйім елге жетсе екен деп, қолдаушы, сол кісінің командасы боп жүрген Сіз сияқтылар, елге тізесін батырып, жылатып жатырсыздар. Әй арты дұрыс болсын де!.. Халық қозғалмасын. Ел қозғалса, сел қозғалғандай болуы мүмкін. Бастысы елге амандық. Азын-аулақ малы жайылатын жер таба алмай, құдайдың қазаққа берген басты байлығын қызғанып отырған Сіздің мына харекетіңіз сәрі ДЕПУТАТҚА жараспайды-ау! Әлде  Сіз үшін «екі қойым бір сом ба?» бұл жағын Сіздің түйсігіңізге қалдырдық.

    БУРАБАЙДЫҢ ЖЕҢІСІ