30.05.2026. АСТАНА. Munarmedia.kz – Астанада адам ұрлау және өз бетінше билік ету дерегі бойынша Орталық Азия елдерінің бірінің алты азаматына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы құқық қорғау органдарының баспасөз қызметі хабарлады.
Тергеу материалдарына сәйкес, оқиға 2024 жылдың желтоқсан айында болған. Күдіктілер алдымен жәбірленушіні күш қолданып қорқытып, өз есепшоттарына 80 мың теңге аударуға мәжбүрлеген.
Одан кейін олар ер адамды заңсыз ұстап, күштеп алып кеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданған.
Сот шешімімен бес айыпталушы адам ұрлау және өз бетінше билік ету баптары бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Алтыншы сотталушы адам ұрлауға көмектескені және өз бетінше билік еткені үшін 7 жыл 6 айға сотталды.
Құқық қорғау органдары азаматтарды кез келген құқық бұзушылық фактілері туралы дереу полицияға хабарлауға шақырды.
#Астана #Сот #АдамҰрлау #Қылмыс #Полиция #ҚұқықҚорғау #Қазақстан #Munarmedia