Қазіргі
таңда сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі жаңа талаптар
оқушыға ғана емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек
«сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра арлатын ынтасы мен қызығушылығын
оята алатын, білімді тиянақты меңгерте алатын маман болуы тиіс.
Мұғалім үнемі жаңашылдыққа дайын болуы керек. Білім сапасына, оны
оқытудың әдіс-тәсілдері мен технологиясына жоғары талаптар қойылып, оқушыны
нағыз бәсекеге қабілетті тұлға ретінде тәрбиелеу мен білім беру – жаңашыл
ұстазға қойылар басты талаптардың бірі болып саналады.
Барлық дамыған елдерде
оқыту:
- өздігінен оқуға;
- өзін-өзі тәрбиелеуге;
- қажетті ақпаратты өз бетімен
алуға;
- проблемаларды бөліп көрсетуге
және оларды шешу жолдарын іздеуге,
- алған білімдерін сыни тұрғыдан
талдай білуге
- оны жаңа мәселелерді шешуде
қолдана білуге бағытталған[1].
Ағылшын тілі пәнін
оқытудағы басты міндеттер - білімді, бәсекеге қабілетті, үш тілде өз ойын
жеткізе алатын болашақ мамандарды дайындау үшін білім беруде тиімді әрі қолайлы
әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақты
түрлендіріп отыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Ағылшын тілі пәні
оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына да елеулі рөл атқарады.
Ағылшын тілін
оқытудың әдістемелік жүйесі тәуелсіз, ашық, дамып келе жатқан жүйе
ретінде қарастырылады, ол оқытудың ақпараттық-білім беру ортасымен өзара
әрекеттесу барысында оқушылардың ағылшын тілін оқытудың нормативті және
дараланған мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Ағылшын тілін
оқытудағы басты назар аударатын әрекеттерге мыналар жатады:
- Ағылшын тілін оқытуды жүйелі
түрде жүргізу.
- Үйрету күнделікті өмірде жиі
қолданылатын контекстерден басталады.
- Тапсырманы оқушының қабілетіне
қарай беру.
- Оқу материалдарын шындыққа сай
етіп алу[2].
Үйрену – қарапайымнан
күрделіге қарай ұстанымы арқылы жүзеге асады.
Қазіргі таңда
педагогикалық процесті дамытуда және оқушыға білім берудің негізгі
субъектісі мәртебесін беруге байланысты жаңа тәсілдер мен оқыту әдістері
енгізілді. Осыған орай, оқытудың интерактивті әдістеріне тереңірек тоқталайық.
Интерактивтілік
термині бүгінде техникалық тұрғыдан да, педагогикалық тұрғыдан да қолданылады.
Бірінші жағдайда интерактивтілік - бұл қолданушымен өзара әрекеттесуді
ұйымдастыруға арналған бағдарлама интерфейсінің қасиеті. Екінші мағынада
интерактивтілік термині оқытудың бірқатар әдістерін сипаттағанда қолданылады,
бұл жағдайда мұғалім мен оқушы әрекеттесуі. «Интерактивті» сөзі ағылшынның
«interact» - өзара әрекеттесу, бір-біріне әсер ету сөзінен шыққан.
Интерактивті оқыту, ең
алдымен, топтағы диалогтық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған. Интерактивті
әдістердің артықшылығы - олар ағылшын тілін қолдану кезінде психологиялық
тосқауылды жеңуге мүмкіндік береді және оқушыларға оны қолдану тәжірибесін
игеруге мүмкіндік береді. Интерактивті әдістерді қолдану арқылы жаңа дағдыларды
игере отырып, оқушылар мұғалім ұйымдастырған сабақ формаларына үлкен
ынтамен қатысады, онда оқу уақытының едәуір бөлігі сөйлеу практикасына
арналған[3].
Оқытудың интерактивті
әдістеріне дәстүрлі түрде презентация, сұхбаттасу, рөлдік ойындар,
пікірталастар, ой қозғау, практикалық мәселелермен конкурстар және оларды кейін
талқылау, жоспарлар мен жобалар жасау, шығармашылық іс-шаралар өткізу,
мультимедиялық компьютерлік бағдарламаларды пайдалану және ағылшын тілінде
сөйлейтін мамандарды тарту кіреді.
Оқытудың пікірталас
формалары - мақсатты және жүйелі түрде пікір алмасу. Негізгі шарттар -
пікірталастың бір сұрақ немесе тақырыппен шектелуі. Талқылау барысында айтылған
кез-келген ой дәлелді болуы керек.
Рөлді ойын. Мектеп
оқушылары үшін сыртқы әлемнен алған әсерлерді өңдеу тәсілі. Рөлдік ойындарда
қарым-қатынасқа қажеттілікті дамыта отырып, ойлау мен қиялдың,
эмоционалдылықтың, белсенділіктің ерекшеліктері айқын көрінеді. Рөлдік ойын
тұлғаны дамыту үшін өте маңызды[4].
Оқушыларға арналған ең
қызықты интерактивті ойындардың келесі мысалдарына тоқтала өтсем. Тақырып
бойынша сөздік қорды және сөздерді орынды қолдануды көздейтін ойындар
ұсынылады:
- Grab a minute –
интерактивті картаға жазылған терминді сипаттау үшін оқушыға 1
минут уақыт беріледі. Қатысушы осы пән немесе термин туралы, оның мәні, қолдану
мысалдары туралы көбірек ақпарат беруі керек. Карточкада көрсетілген
тақырып немесе термин туралы неғұрлым толық және дәйекті ақпаратты ұсынған
оқушы жеңімпаз болып табылады.
- An item description -
интерактивті карталарда көрсетілген сөзді немесе сөз тіркесін сөздің өзін
атамай немесе қимылдарды қолданбай сипаттау қажет. Бұл жағдайда
оқушылардың қалған тобы белсенді рөл атқарады, олар сөзді болжауы керек.
- Chain story - логикалық ойын,
қиял мен даралықтың көрінісі. ойынның мәні - алдыңғы оқушының ойын
жалғастыру[5].
Ағылшын тілі сабағының әр түрлі
кезеңдерінде оқытудың интерактивті технологияларын қолдану - бұл оқушылардың
тілді үйренуге деген ынтасын арттырудың әдісі ғана емес, сонымен қатар
сыныптағы атмосфераны жақсарту, бұл оқушылар мен мұғалім арасындағы
ынтымақтастық пен өзара түсінушілікке ықпал етеді.
Жалпы алғанда, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі тек қана өзінің пәндік
саласын меңгеріп қана қоймай, ағылшын тілі пәнін оқытудың тиімді жолдары
мен ақпараттық – коммуникациялық технологияларды жетік меңгеріп, оқушыларға
сапалы білім беруге жағдай жасауы тиіс.