Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Ахметов 🤜 Қожамжаров: экс-премьер «Әділетті Қазақстанның» мүмкіндігін пайдалана ала ма?

48



2015 жылы сотталып, екі жылдан кейін бас бостандығын айыруды «шектеуге» алмастырып, яғни бостандыққа шыққан бұрынғы Үкімет басшысы Серік Ахметов «толық реабилитация» мәселесін ойластыра бастады.

«Әділетті Қазақстан» дәуірінде әкелі-балалы Сейітқазы мен Әсет Матаевтардың заңсыз сотталғаны дәлелденіп, олар толық реабилитация алған болатын. Серік Ахметов те осы жолмен жүре алатынын түсініп отыр. Бұл принципке негізделген позиция. Ол ертең ұрпағы алдында кезінде сотталған шенеуік емес, заңсыз қудаланып, артынан толық ақталған қайраткер ретінде қалғысы келеді», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.



Экс-премьер Серік Ахметовты сыбайлас жемқорлық схемаларын жасап, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен сол кезде Қайрат Қожамжаров басқарған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро тұтқындаған еді. Артынан Прокуратура айыптаушы ретінде бұл күдіктерді дәлелдей алмай, мемлекеттік айыптау бағытын «заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау» және «кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу» баптарына бұрған болатын.

«Серік Ахметов Қарағанды кланындағы ішкі тартыстың құрбаны болды. Ол кезде «кланның басшысы кім – Ахметов пе, Нығматуллин бе?» деген мәселе шешіліп жатты. Ең ықпалды болып саналған Нығматуллин-Мәсімов группасы Антикорды өзінің тапсырмасын орындайтын саяси киллер ретінде пайдаланып отырды», - дейді, дереккөз.



Біз сол кездегі Антикордың Нұрлан Нығматуллинның «тоқпағы» болғанын Матаевтар ісінен-ақ байқағанбыз. Қожамжаровтың етене командасы болып табылатын Талғат Татубаев «Матаевтар ісін» жүргізсе, Олеся Кексель «Серік Ахметов ісін» жүргізді. Оған қоса кейіннен ақталып, тіпті мемлекеттен моральды шығын ретінде әрқайсысы 10 миллион теңгеден өндіріп алған прокурор Виктор Тихонов пен экс вице-министр Анатолий Шкарупаны да осы Қожамжаров командасы түрлі айыппен құрықтаған еді.

Назарбаев 2019 жылы отставкаға кетердің алдында Қайрат Қожамжаровқа «ешкім тиісе алмайтын мандат» сыйлап, сенатор креслосына отырғызған болатын. 2023 жылдың басында Қайрат Пернешұлы сенатор лауазымынан босады. Сол уақыттан бері оның ешкім тиісе алмайтын статусы жоқ және жеке заңгерлік бизнеспен айналысады. Былайша айтқанда, қатардағы көп заңгердің бірі.

«Серік Ахметов тек реабилитацияға өтініш бере ме, әлде Қайрат Қожамжаровты қудалай бастай ма, ол жағы толық шешілген жоқ» дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Серік Нығметұлының өзінің саяси мансабын құртқан жандардан кек алуына толық құқығы бар.



Тек ол кезінде Қазақстан тарихындағы ең нәтижелі үкімет басшысы болған Серік Ахметовке қажет пе? Оны уақыт көрсетеді. Ахметовтың кезінде Қазақстан экономикасы жақсы өсіп, Ұлттық Қордың қоржыны 75,2 миллиард доллар болып тұрған болатын. Қалай, Ахметов кетті, сол уақыттан бастап қайтадан премьер болған Кәрім Мәсімов Ұлттық қордың ақшасын оңды-соңды жарата бастады