Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Әзербайжан мен Армения бейбіт келісім жасауға жақындады

41


БАКУ, 2025 жылғы 15 наурыз – Әзербайжан мен Армения арасында бейбіт келісімге қол қою процесі аяқталды. Армения бұған дейін даулы болған екі тармақты мойындағаннан кейін, келіссөздер толықтай аяқталғанын Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Жейхун Байрамов мәлімдеді.

"Қазір біз Арменияның Конституциясына өзгерістер енгізуін күтіп отырмыз", – деді ол.

Армения Конституциясын өзгертуге міндеттелді

Байрамовтың айтуынша, Армения өз заңнамасынан Әзербайжанның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қайшы келетін ережелерді алып тастауы тиіс. Әзербайжан тарапы бұл өзгерістер жүзеге асқаннан кейін ғана бейбіт келісім толық күшіне енетінін атап өтті.

Екі тарап бейбіт келісімнің барлық тармақтары бойынша уағдаласты

Армения Сыртқы істер министрлігі келіссөздердің аяқталғанын және бейбіт келісімнің мәтіні толығымен келісілгенін растады. "Біз келісімге қол қоюға дайынбыз және құжатқа қашан, қай жерде қол қойылатынын Әзербайжанмен талқылауға әзірміз", – делінген ведомствоның мәлімдемесінде.

Бұған дейін бейбіт келісімнің 17 тармағының 15-і бойынша тараптар мәмілеге келгені хабарланған болатын. Қалған екі тармақ – халықаралық соттарға жүгінуден бас тарту және шекара маңына үшінші елдің әскерін орналастырмау мәселелері де келісілген.