Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

2025 жылдың 12-15 сәуірі аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Жезқазған қаласында гастрольдік сапармен өнер көрсетеді

52



             Қазақ өнерінің қарашаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ең таңдаулы қойылымдарын Ұлытау көрерменінің назарына ұсынбақ!

       Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2024 жылы «Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне» орай өткен салтанатты жиында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ғимаратының толығымен қайта жөндеуден өтетіні  туралы  мәлімдеген болатын. Бұл жұмыс аталған өнер ордасының 100 жылдық мерейтой салтанатына орай, яғни 2026 жылы аяқталады.

            Театр ғимараты күрделі жөндеуге тапсырылғаннан кейін М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының шығармашылық ұжымы республика аймақтары мен алыс-жақын шетелдерге гастрольдік сапарлармен барып, өзінің бірегей жұмыстары – спектакльдерімен қалың жұртшылықты қуантуда. Өнер иелерінің кезекті аялдамасы – Ұлытау өңірі, Жезқазған қаласы болмақ.

2025 жылдың  12-15 сәуірі аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Серке Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысы қазақ музыкалық-драма театрының сахнасында таңдаулы қойылымдары:

12 сәуір сағат 19:00-де Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» драмасын,

13 сәуір сағат 19:00-де  Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібек» музыкалық драмасын,

14 сәуір сағат 19:00-де Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» мюзиклін,

15 сәуір сағат 18:30-да Жабал Ерғалиевтің «Қас-қағым» метафизикалық трагедиясын,

15 сәуір сағат 21:30-да гастрольдік сапардың қорытынды қойылымы ұжымдық жұмыс негізінде сахналанған «Сезім хаттары» лиро-эстетикалық поэтикалық кешін көрермен назарына ұсынады.