Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Байден Газадағы атысты тоқтатуды Трамп емес, өзінің командасының еңбегі деп атады

56


АҚШ президенті Джо Байден мемлекет басшысы ретіндегі қызметінің қорытындысын шығара отырып, Газа секторындағы келісімге қол жеткізу оның командасының еңбегі екенін мәлімдеді.

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурациясына төрт күн қалғанда, Овал кеңседен халыққа арнаған қоштасу сөзінде Байден Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату өткен жылдың мамырында оның жеке ұсынған жоспарына сәйкес жүзеге асқанын айтты.

Президент бұл туралы жақында өз міндеттерін атқара бастайтын жаңа әкімшілікті хабардар еткенін жеткізді. Байден нақты есімдерді атамағанымен, Газа секторына шабуылдардың тоқтатылуы – Трамптың емес, оның командасының еңбегі екенін меңзеді.