АҚШ-тың жаңа әкімшілігінің Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың 20 қаңтарға, яғни оның инаугурациясына дейін Газа бойынша келісімге қол жеткізуге ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды БАҚ израильдік шенеуніктерге сілтеме жасап.
«Уиткофф сенбі күні Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесіп, Трамптың мақсаты – 20 қаңтарға дейін келісімге қол жеткізу екенін атап өтті», — делінген хабарламада.
Уиткофф Израиль мен ХАМАС арасындағы Катар, Египет және АҚШ-тың арағайындығымен өтіп жатқан жанама келіссөздерге қатысып жатқан Катардан Израильге келген. Нетаньяхумен кездесуінен кейін ол қайтадан Дохаға оралды.
Израильдік шенеунік келіссөздер соңғы күндері келісімге жақындағанын атап өтті:
«Келісімге қол жеткізу мүмкіндігі бар (...). Израильдік келіссөз тобының басшылары Катарға келісім мүмкін емес деп ойласа, бармас еді. Бұл қиын болмақ, бірақ топ келісімге жету үшін барын салады», — деді дереккөз.