Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

БАҚ: Израиль Министрлер кабинеті Ливанға қарсы соғысты тоқтатуды мақұлдады

31



Израиль Министрлер кабинеті Ливанда атысты тоқтатуды мақұлдады, бұл шешім 27 қараша күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10:00-де күшіне енеді.


Израильдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың басшылығымен өткен кабинет отырысында «Хезболла» ұйымымен атысты тоқтату туралы келісімге қолдау көрсетілді.


Атысты тоқтату 27 қараша күні таңғы сағат 10:00-де (түрік уақытымен 11:00-де) күшіне енетіні мәлімделді.


Әзірге Израиль билігі бұл шешім туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.