Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда қашан заңды түрде жұмыс істей алады?

28


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасу мәселесі бойынша келіссөздер соңғы кезеңде екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазан айында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бұл мәселені Кореяның Еңбек министрімен талқылады. Корея Еңбек министрлігінің басшылығы ауысуына байланысты келісімнің қабылдануы біраз кешіккенімен, құжат келісуге жіберілді және жылдың соңына дейін мақұлданады деп күтілуде.

Бұл қазақстандықтарға Employment Permit System (EPS) жүйесі арқылы Оңтүстік Кореяда ресми түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.