Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Жүргізуші куәлігіне арналған медициналық анықтаманы eGov.kz сайтынан алуға болады

35


eGov.kz порталында көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын 073/у формасындағы медициналық анықтаманы алу қызметі іске қосылды.

Не өзгерді:

Бұрын бұл анықтаманы тек қағаз түрінде, терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларингологтың тексерісінен өткеннен кейін алуға болатын. Енді процесс жеңілдетілді: анықтама электрондық форматта рәсімделеді және автоматты түрде деректер базасында сақталады.

Қалай алуға болады:

1. eGov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз.

2. “Денсаулық сақтау – Медициналық көмек” бөлімін ашыңыз.

3. “№ 073/у формасындағы медициналық анықтама беру” қызметін таңдаңыз.

4. Сұранымға қол қойыңыз.

Анықтама жеке кабинетте PDF форматында қолжетімді болады. Ол бір жыл бойы жарамды.