Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Батырлар қорымы қараусыз қалмасын.

82

             

Жуырда, үнемі тынымсыз ізденіспен жүретін, бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтын бастамашыл қоғам қайраткері   ағамыз Мұрат Ыдырысұлы «Абылай ханның қара жолы» кітабының I және II томдығын көтеріп бұйымтаймен келді. Аға жайлы үш ауыз сөйлем. Мұрат аға Көкшетауда алғашқы қазақ тілінде оқытатын :-«Көкшетау педагогикалық коллежі» -нің іргетасын қалап, үздіктер қатарына қосқан,солтүстік аймақта тұңғыш қазақ ұлт-аспаптар оркестрін құрып,елге танытқан, ұлтық спорт түрлері бойынша мектеп ашқан, қазақ театрының орнауына бастамашы болған азамат.  Соңғы жылдары «Абылай ханның қара жолы» экспедициясын жасақтап 2018-2023 жылы аралығында Абылайханның жорықты жолдарының тарихына қатысты жерлерді аралап ғылыми-зерттеу  жасап қазақ  тарихына өзіндік қол таңба салған тарихшы.

 

Ағамыздың бұйымтайының тоқ етері мынау екен. Мұрат аға Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановтың қабылдауында болғанын жеткізіп, біршама кезек күтіп тұрған мәселелрді таныстырып,  әкімнің мақылдауын алған қуанышымен бөлісті.

 Ағаның айтқаны:- Шіркін, жақсыда жаттық жоқ қой, Марат Мұратұлы өте жылы қабылдады. «Тектіден текті туады, Тектілік тұқым қуады, Тектілердің тұқымы, Таңдайды құз-қияны»- дегендей әкім өзінің тектілігін, Шоң биден тамыр тартатынын танытты. Келелі әңгіме дүкен құрдық. Сөз барысында Ақмола облысының туристік әлеуетін арттыру жөнінде бірнеше ұсыныс жасадым, қабыл алып қолдады, деп сөзін бастады.

Ағаның әңгімесі былай жалғасты.

1.       Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында Отан қорғаған бірнеше буын ұрпақтың күресін ұлықтауды  атағанын, оқып білдім. Білген соң,осындай отан үшін шайқасқа қатысқан батыр бабалардың жорық жолдарын, мазар - қорымдары анықтау мақсатында Ақмола облысының Степнагорск және Біржан сал аудандарының жерінде Абылай хан сарбаздары жерленген «Батырлар қорымын» арнайы іздеп  бардым. Нәтижесінде Біржан сал ауданның Мамай, Сәуле ауылы маңында «Батырлар қорымы» анықталды. Бұл жерлерде «Батырлар қорымы» бар екендігін бұрынғы қариялар ұрпақтан-ұрпаққа жалғап айтып келген екен.. Дәл осындай Абылай заманындағы «Батырлар қорымы» Шығыс Қазақстан жерінде «Шаған шайқасы», «Шорға шайқасы» өткен жерлерде де бар екенін экспедициямен жүргенде көзбен көрдік.

Бұл жерде шамамен 1741 жылы Жоңғар хандығының қонтайшысы Қалдан Сереннің тапсырмасымен Орта жүз жерін жаулауға келген Лама Доржы мен Септен ноянның 30 мың әскеріне қарсы тұрып, отан қорғау шайқасында ерлікпен қаза болған батырлар жерленіпті.Қорымның сыртын өткен ғасырдың 50-ші жылдары  орлаған екен, бірақ ол  малға тосқауыл бола алмапты. Бабаларымыз «Өлі риза болмай, тірі байымайды»-деген. Аруақ сыйлаған халық болғандықтан сол жерді қоршап, ескерткіш белгі орнату қажеттігін әкімге жеткіздім.

2.      Қазақ халқының ХІХ ғасырда өткен ең даңқты перзенті Кенесары Қасымұлы 1802 жылы шілденің  шіліңгір жазында, сұлу Көкшенің теріскей тұсындағы, Абылай атасының жаз жайлауы  «Хан жайлауы» атанған «Хан көлінің» жағасында туған. Кене ханның тағдыры, ат жалын тартып мінгеннен бастап, азуын айға білеген, атасы Абылай хан сияқты, ақырғы демі біткенге дейін алыс-жұлыспен,  тұрағынан қуылған жаралы жолбарыстай тынымсыз жортуыл-жорықпен өтті. 2021 жылы экспедиция кезінде Кенесары ханның мерт болған жері Кекілік Сеңгір тауының етегіндегі Майтөбеге хан Кене елінің атынан ескерткіш тас қойып, туған жері Бурабайдың топырағын апарып көмген едік.  Кенесары Қасымұлы (1802-1847) Көкшетауда дүниеге келген. Атақты Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның ұлы. Кенесары бір ғасырға жуық Орта жүз қазақтарының саяси өмірінде жетекші рөл атқарған ақсүйектер отбасында өсті. XVIII ғасырдағы Қазақстан мен Орталық Азия тарихындағы ең беделді мемлекеттік және саяси қайраткерлердің бірі – Абылай ханның ордасы  Көкшетауда орналасты.  Кезінде хан Абылай (1711-1781) қазақ-жоңғар соғысына қарсы күресу үшін бүкіл қазақ жасақтарын осында жинаса, бір ғасырдан кейін Көкшетаудан оның немересі Кенесары солтүстіктегі отаршылдыққа қарсы әскер жиып,  соғыс бастады. Болашақ хан Кене Көкшетау мен Ақмола өңірлерінде жаңа әскери бекіністердің салынуына қарсы болып, ел тәуелсіздігі үшін құрбан болды. Қазақтың соңғы ханы Кенесарының туған топырағы, хан атына қойылған  Кенесары ауылының жанына ескерткіш белгі қою туралы ұсынысымды әкімге жеткіздім.

3.     Көкшетау қаласында еліміздің өзге шаһарларында бар ашаршылық пен репрессия құрбандарын еске алатын орын жоқ. Мысалы, Шымкент қаласында «Қасірет Мемориалы» бар. Науан Хазірет Сәкен Сейфуллиннің шейіт кеткен ұлы Аян жерленген ескі қорымның қақпасының алдына осы монументті орнатып, халық жиналып, дұға оқитын, гүл шоқтарын қоятын орынға айналдырса жақсы болар еді.

4.      Біржан салдың әншілігін Еуропа мәдениетін жеттік білген орыс жиһангез ғалымдарыда жоғары бағалаған. Мәселен, Шоқанның досы Дуров 1856 жылы Көкшетау даласында, Сырымбет саласы, Бурабай баурайында болып дем алған. Шоқан болса, дімкәс жанына дауа іздеп, осы өңірлерді көп аралаған. Сонда Біржанды әдейі алдырып әнін тыңдаған Дуров  әншінің орындаушылық шеберлігіне разы болып: «Неткен талант! Шіркін-ай бұл әнді Петербургте, Парижде, Римде тыңдаса ғой!»-деп, тамсаныпты. Сол талант иесі Біржан үстінде ән салған  Жөкей көлінің жағасында «Біржан салдың көк жартасы» деген биік жартас бар. Үстіне шыққан адам айналаға көз жіберсе 15-20 шақырымға дейінгі жер алақанға салғандай көрінеді. Біржан үстіне шығып ән салғанда, дауысы 10-12 шақырым жерге жетеді екен. Жергілікті жұрт ол жерді «Кирзуха» деп атап кеткен. Кезінде сол маңда Кирза деген орыс мұжығы шөп шабады екен. Бір күні оның өгізін аю жарып кетсе керек. Қазір де шоқының іргесіндегі демалыс орындары шоқыға қарата «Кирзуха» деп сілтеме қойыпты. Бұл саналы елге намыс емес пе? Бұл елге, ел алдында жүрген  азаматтарға сын деп білемін. Шоқының «Біржан салдың көк жартасы» тарихи атауын қайтарып, жартастың үстіне ескерткіш орнату керектігін әкімге әңгіме үстінде айттым. 

Әкім мақұлдап, тиісті басқармаларға тапсырма беретінін айтты. Әкімге қабылдау соңында   «Абылай ханның қара жолы» ғылыми жинақтың III томының сүйінші данасын, экспедициялардың қорытындылары негізінде әр маршрут бойынша жасалған карталарды силадым. Осы томдықты шығарыпб еруге көмек көрсететінін айтып, жылы лебізбен  мені шығарып салды..

Көкейдегі сұрақтар мазалаған соң, биыл маусым айында  Біржан сал және Бурабай аудандарының әкімдері Достанбек Есжанов пен Арай Садықовқа ескерткіштерді жобалаған автор Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, Еуразиялық дизайнерлер Одағының құрметті мүшесі Манарбек Бұрмағанов екеуміз әдейі барып жолығып, ескерткіштерді  орнату мәселерін талқыладық. Соңынан  ескерткіш белгі қоютын орындарды аудан, ауыл әкімдерімен  барып,   анықтап қайттық. Олар облыстық мәдениет басқармасы сияқты мәселені шешетін ұйымдарға ұсыныспен шығатынын айтып, бізді үмітпен шығарып салды. «Елдің жақсы болуы әкімінен»-деген. Ылайым еліміз берекелі, әкімдеріміз жаңашыл  жарасымды болсын деген, тілекпен біз  қайттық-деп, ағамыз сөзін аяқтады.

 

                         Жазбаны дайындаған                 Дахан Шөкширұлы Жәмшітегі