Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Батыс неге Орталық Азияға назар аудара бастады?

103


Ресей-Украин қақтығысы басталған екі жарым жылда Орталық Азия елдері Батыс пен де Ресеймен де тіл табысудың ұтымды стратегиясын ойлап тапты дейді, сарапшылар.

Еуропа елдерінің басты назары Орталық Азияға ерекше ауды.

Жақында Қазақстанға келген Германия канцлерінің кезекті сапары мен Қазақстанда өткізген C5+1 форматындағы самииті әлем елдерінің назарын аударды.

Батыс елдері Орталық Азияға Ресей мен Қытай сынды алып елдермен көршілес болғандықтан және жыл сайын өсіп келе жатқан сауда-саттық айналымы мен геосаяси қатынастарының күшеюіне алаңдаулы.

 Сонымен қатар Орталық Азиядағы билік басындағылардың ауысып, жаңа басшылардың келуі негізгі фактор болып отыр.

Осыдан он жыл бұрын Батыс елдері Орталық Азия елдеріне аса қызықпайтын еді. Көбінесе қазба байлаықтары мен экономикалық бағытта байланыс жасауға ұмтылатын.

Қазіргі таңда саяси қарым-қатынас бірінші орынға қойыла бастады. Сонымен бірге сыртық саясатта өзгеріп, АҚШ «Талибанды» қалдырып, Ауған елінен кетсе, Қытай Азия елдеріне өз елдеріне экономикалық жолдармен ықпалын күшейтуге тырысса, Ресей Украинамен соғыста өз жақтастары ретінде есептеп, санкцияны айналып өтетін жолы ретін қарап отыр.

Тек биылдың өзінде Орталық Азияны ОА-(Орталық Азия)  Франция, Италия, Ұлыбритания, Швецария президенттері, Еврокеңес, АҚШ, ЕО сырқы саясатведомстволарының басшылары келді.

Өткен жылы қыркүекте АҚШ президенті Джо Байденмен C5+1 кездесу өтті. Кездесулер форматы бір болғанмен талқыланатын мәселелер әртүрлі. Қазіргі таңда Орталық Азия елдерімен Еуроодақ арасындағы сауда-қатынастарың көрсеткіші 2022 жылы 59%, 2023 жылы тағы да 11% өсіп рекорд орнатты. Өткен жылы Қазақстан Германияға 8,5 млн тонна мұнай жеткізді. 2023 жылы Германия Қазақстанға $770 млн доллар инвестиция салып көрсеткіш  64% жетті. Өзбекстанға салған инвестиция көлемі 11 есеге өсті. Кездесу барысында жалпы құны $55 млрд құрайтын 66 инвестжобаға келісім жасалды.

Алайда, Шольцпен кездесу барысында Украинадағы соғыс мәселесі ашық талқыланбады. Астана «соғысты жалғастыра беру жалпы адамзат үшін орасан қауіп –қатер» әкеледі деген сөздермен ғана шектелді.

Орталық Азия елдерінің басшылары батыс елдерінің стратегиялық ынтымақтастық орнатудағы талпынысы Мәскеу мен Бейжінге қарсы қоюдың жолдары екенін жақсы түсінеді. Сондықтан да Орталық Азия елдері өздерін сабырмен ұстап, ешкімнің мүддесін қорғамайтын, ұзақ мерзімді саяси стратегияны ұстанып отыр.

Батыс Орталық Азия елдеріне қысым көрсетіп, Мәскеу мен Бейжінмен аралспауды талар ете алмайтыны белгілі. Бұл мақсатта Орталық Азияда сақтала бермейтін адам құқығы мәселесінде қарауды қойды.

 Бұрынғыдай реформаларды қалай жүргізу қажет деген лекциялардан гөрі, болып жатқан өзгерістер мен реформаларды қолдаудан басқа амалы қалмаған тәрізді.

Дегенмен жабық есік артында санкцияны қатаң сақтау туралы әңгімелерде болып жатыр. Нәтижесінде Орталық Азия елдері өз банктеріне Ресей қаржы ұйымдарымен тікелей жұмыс жасауға тиым сала бастады.

Бұл жағдайда Орталық Азия елдерінің басшылары батыс елдерінде басқаша, Ресейде басқаша сөйлеу әдістерінде тауып алды.

Жан-жақты көзделген саясат нысанаға дәл тиюде. Екі жарым жыл бойы Ресейдің басқыншылық соғысы барысында бес елдің бірі де санкцияға ұшырамады.

Алайда Ресеймен жасырын тауар айналымы туралы көптеген дәлелдердің барлығына қарамастан, жекелеген компаниялар ғана санкцияға ұшырады. Батыс ОА елдеріне «не менімен, не онымен» деген сияқты қатаң талап қоя алмайды. 2017 жылы Дональд Трамп әкімшілігі мұндай әрекет жасаған еді. Алайда ОА қарсы тұрды. Ресейде талап қоя алмайды. Себебі оны қолдайтын мемлекеттер саны өте аз болғандықтан ешкімді ренжітіп алмаудың жолын қарастырудан басқа амалы жоқ.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері ОА елдерінің геосаяи маңызы артты. Мұның барлығы 2016 жылдан бері бес мемлекеттің төртеуінде билік өзгеріп, ОА елдері батысқа бетбұрыс жасай бастады. Алдын-ала өзара келісіп алған соң, батыс елдерінің талаптарына қарсы талап қоятын деңгейге жеткенін дипломаттар мойындайды.

Бүгіңгі Орталық Азия  соғыс жағдайына қарамастан өз пайдасын түгендеп алатын мемлекеттер қатарында.

XXI басталған державалар мен мүдделер арасындағы соғысқа орта және кіші елдерде қосылып кетеді деген болжамды ОА елдері толық бұзып, халықаралық саясатта өз шеберлігін көрсетті.

Мұны әлем елдері мойындап отыр. ОА елдері НАТО-ның саммитеріне де, Мәскеуде өтетін жеңіс күніне, қытайдың қаруланған шекара милициясының ашылу салтанатына да қатысып үлгеруде.

Ең басты мәселе осындай қалыпты жағдай қанша уақытқа созылады? Бүгіңгі батыстың ерекше ықыласынан Орталық Азия елдері пайда таба ала ма? Бүгіңгі Украинада болып жатқан шайқас ертең Батыс пен Қытай арасында орын алуы мүмкін. Ірі саяси дағдарыста орын алған жағдайда Орталық Азия  екі жақты балансты тең  ұстай біледі деген сенімдемін.

 

Асылбек Байжұмаұлы