Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Баяжума Асылбек.Зеленский, Вашингтон және Украинадағы саяси тұрақтылық

113


Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ арасындағы шиеленісті қарым-қатынас ел ішіндегі саяси ахуалға елеулі ықпал етуде. Әсіресе, Дональд Трамп әкімшілігімен келіспеушілік Украина элитасы мен қоғамының тұтастығы сынаққа түсті.

Әдетте, АҚШ-тың қолдауынан айырылған Украина басшылары саяси әлсіреуге ұшырайтын. Алайда Зеленскийге келгенде бұл сценарий іске аспады.АҚШ билігі келіссөзде провокация жасау арқылы Зеленскийді әлсіз саяси тұлға ретінде көрсетіп, Украина халқы мен оппозиция бірігіп, биліктен кетіреді деп үміттенді. Алайда керісінше бұл оқиға

Зеленскийдің беделін Украинада ғана емес Еуропа елдері алдында абыройын көтерді.     Соғыстың жалғасуы елдегі элита мен қоғамды қазіргі биліктің айналасында шоғырлануға мәжбүр етті. Соңғы әлеуметтік сауалнамаларға сәйкес, украиналықтардың 63%-ы соғыс аяқталмай сайлау өткізуді қолдамайды. Бұл Зеленскийдің өз ұстанымынан қайтпауына мүмкіндік беріп отыр.

Украина оппозициясы да белгілі бір деңгейде президентті қолдап отыр. Мысалы, Петр Порошенко, Зеленскийдің саяси қарсыласы бола тұра, Трамппен қақтығысында президентті қолдады.

Трамп әкімшілігі Зеленскийден соғысты аяқтауды және Украинадағы сайлауды тезірек өткізуді талап етуде. Бұл талаптарды орындамаса Зеленский әкімшілігі   АҚШ көмегінен айырылып ғана қоймай, елдің қорғаныс қабілетіне тікелей әсер етуі мүмкін.

Дегенмен, Вашингтонның бұл қысымы Киевке белгілі бір артықшылықтар да береді. Украина билігі өз ішкі саясатын жүргізуде салыстырмалы түрде тәуелсіз әрекет етуге мүмкіндік алуда. Кремльдің «Украинаны АҚШ басқарады» деген нарративі бұл жағдайда шындыққа жанаспайтынын көрсетіп отыр.

Мәскеу Зеленскийді  қарсылас ретінде менсінбейді.  Бұрынғы проресейлік саяси күштер әлсіреген, ал жаңа Кремльшіл лидерлер қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан Ресей Зеленскийдің биліктен кетуін қаласа да, оған әсер ету тетіктері шектеулі.

Украина дәл қазір соғыстың жалғастыруға және халықаралық қолдауға тәуелді. Егер Киев АҚШ-тың қысымына көнсе, бұл ел ішіндегі тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін. Ал қарсылық танытса, Украинаға көмек көрсету мәселесі одан әрі күрделене түспек.

Зеленскийдің қазіргі саяси стратегиясы Украина қоғамының соғысқа деген ұстанымына сүйенеді. АҚШ-пен қақтығыс оның беделін әлсіретпей, керісінше нығайтып отыр. Дегенмен, соғыстың ұзаққа созылуы мен экономикалық қиындықтар елдегі ішкі келісімді бұзуы мүмкін. Украина алдында өз тәуелсіздігін сақтау мен халықаралық қолдауды да жоғалтпай тепе-теңдікті сақтау сынды  күрделі таңдау тұр.