Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Баяжұма Асылбек.Путин АҚШ-пен мәмілеге келмекші. Кремльдің жаңа ұстанымдары қандай?

143


Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастар қайта жандана бастағанымен, бұл Мәскеу үшін жаңа мүмкіндіктермен қатар қауіптерде туындатады. Кремль Вашингтонмен байланыстарды қалпына келтіріп, Украина мәселесін өз шарттары негізінде шешуді көздейді.

АҚШ пен Еуропаның Украинаға қатысты ұстанымында келіспеушіліктер байқала бастады. Вашингтон Киевке көрсететін қолдауын бәсеңдетсе, Еуропа керісінше, әскери қуатын арттыруға кірісті. Бұл жағдай Ресейге маневр жасауға мүмкіндік береді. Кремль дәл осы сәтті пайдаланып, Украина мәселесін АҚШ-тың тікелей араласуынсыз шешуге тырысуда.

Мәскеу Вашингтонмен тікелей диалогты қалпына келтіруге басымдық беріп отыр. Елшілердің тағайындалуы, дипломатиялық миссиялардың қайта жандануы – осы бағыттағы маңызды қадамдар жасалуда. Сонымен қатар, Ресей АҚШ-пен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге талпынып, инвестициялық жобаларында ұсынуда.

Ресейдің басты мақсаты – Украинаның аумақтық тұтастығына қол сұғу ғана емес, оның геосаяси бағытын түбегейлі өзгерту. Мәскеу Киевті әскери қуатынан айырып, НАТО-мен байланысын толықтай үзуге мәжбүрлейді. Дегенмен, бұл бағытта Вашингтонның да өз мүддесі болғандықтан Трамп әкімшілігі  Кремльдің барлық талаптарын орындамайды.

Егер Ресей мен АҚШ мәмілеге келе алса, Мәскеу Украинадағы ықпалын күшейтеді. Бірақ келіссөздер сәтсіз аяқталса, соғыс жаңа деңгейде ушығуы мүмкін. Кремльдің басты мақсаты – АҚШ-тың ықпалын азайтып, Еуропаны әлсірету. Бұл үшін ол дипломатиялық, экономикалық және әскери әдістерді қатар қолданбақ.

Қазіргі жағдай – Ресейдің сыртқы саясаты үшін шешуші кезең. Мәскеу өз мүддесін сақтап қала ала ма, әлде жаңа қақтығыстарға тап бола ма – бұл алдағы оқиғаларға байланысты болмақ.