2025 жылдың 26 қаңтарына белгіленген сайлауда Беларусь президенттігіне үміткер бес кандидат тіркелді.
БЕС ҮМІТКЕР
Беларусь Республикасының президенттігіне бүгін кандидаттар тіркелді. Бастамашыл топтар ОСК-ға құжаттарын ретімен тапсырды. Олар: Сыранков Сергей Александрович, Хижняк Александр Николаевич, Гайдукевич Олег Сергеевич, Канопацкая Анна Анатольевна, Лукашенко Александр Григорьевич.
ЛУКАШЕНКО
Беларусьті 1994 жылдан бері Александр Лукашенко басқарады. Ол өзін жетінші рет президент сайлауына үміткер ретінде тіркеп отыр. 1994 жылы 20 шілдеде президент ретінде ол алғашқы антын қабылдаған. Тоқсаныншы жылдары ол миллиондаған азаматтардың сеніміне жылдам ие болып, содан бері алты сайлау циклынан өтті. Лукашенко әлемдегі ең ұзақ ел басқарған саясаткерлердің ондығына кіреді әрі өз қызметінен бас тартатындай ниеті жоқ.
Беларусьті 30 жыл басқарған Лукашенко жетінші рет президент сайлауына түседі
