Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Бельгия Израиль премьер-министрін тұтқындауды талап етуде

47

Бельгия: ЕО Халықаралық қылмыстық соттың Нетаньяхуды тұтқындау туралы ордерін орындауға тиіс

Бельгияның вице-премьері Петра де Суттер Еуропалық Одақ (ЕО) Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галлантқа қатысты Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) шығарған тұтқындау ордерін орындап, Израильмен серіктестігін тоқтатуы керек екенін мәлімдеді. Ордер Газада жасалған әскери және адамзатқа қарсы қылмыстарға байланысты шығарылған.

Бұл туралы саясаткер әлеуметтік желідегі жазбасында хабарлады.

«Еуропа бұл шешімге бағынуға, экономикалық санкциялар енгізуге, Израильмен серіктестік туралы келісімді тоқтатуға және осы тұтқындау ордерін қолдауға тиіс. Әскери және адамзатқа қарсы қылмыстар жазасыз қалмауы керек», – деп атап өтті ол.

Бұған дейін ХҚС Нетаньяху мен Галлантқа қарсы Газада жасалған әскери және адамзатқа қарсы қылмыстар үшін тұтқындау ордерін шығарған болатын.

Сондай-ақ сот Израильдің ХҚС юрисдикциясына қатысты қарсылығын қабылдамай, палестиналық аумақтарда жасалған қылмыстарға қатысты юрисдикциясы бар екенін мәлімдеді.