Munarmedia.kz-09.11.2026ж/Астана/-Берлин қаласының орталығында Рейхстаг ғимаратының алдындағы ту тұғырына Палестина туын ілген ер адам ұсталды. Ол алдымен Германияның туын түсіріп, орнына үлкен Палестина туын көтерген.
Оқиға бүгін сағат 11:15 шамасында болған. Германия парламенті — Бундестаг орналасқан Рейхстаг ғимаратының алдындағы ту тұғырына ер адам өрмелеп шығып, Палестина туын ілген.
«Шамамен сағат 11:15-те ер адам ту тұғырына көтеріліп, Палестина туын көтерді», — деді полиция өкілі Мартин Хальвег BILD басылымына.
Оқиға Рейхстаг күмбезін тамашалап жүрген туристердің көз алдында болған. Ал тағы екі ер адам төменде тұрып, болған жайтты видеоға түсірген.
Көп ұзамай оқиға орнына өрт сөндірушілер жетіп, автосатының көмегімен ту тұғырына шыққан адамды жерге түсірді. Сағат 12:30-да ол төменге жеткізілгенімен, Палестина туы әлі де тұғырда желбіреп тұрған.
Полиция оқиғаға қатысы бар үш күдіктінің бәрін ұстады.
#Берлин #Германия #Палестина #Рейхстаг #Оқиға #MunarMedia