Munarmedia.kz 28.11.2025 /Астана/ Қырғызстан астанасында ресми сапармен жүрген Владимир Путиннің маршруты бойында орналасқан Украина елшілігінің ғимараты ерекше тәсілмен жасырылды. Елшілік фасады үлкен LED-экранмен толықтай жабылып, мемлекет басшысы өтетін бағыттан Украина туы көрінбейтіндей етіп жасалған.
Қырғызстан әкімшілігі бұл шешімді қысқа ғана түсіндірді:
«Бұл – протоколдың жаңа элементтері», – деп хабарлады ресми өкілдер.
Мұндай қадам халықаралық протокол тәжірибесінде сирек кездеседі және сарапшылар арасында түрлі пікір туғызуда: біреулер мұны түсіністікпен қабылдаса, енді бірі дипломатиялық этикаға қайшы әрекет деп бағалап отыр.