Молдова «Русский домды» жапты: Санду Ресеймен мәдени орталықтар жөніндегі келісімді бұзды

34

Munarmedia.kz 28.11.2025 /Астана/ Молдова парламенті Ресеймен мәдени орталықтар құру туралы келісімді денонсациялау жөнінде шешім қабылдады. Құжат екінші, соңғы оқылымда мақұлданып, 57 депутат қолдады. Бұл қадам Кишинёв пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі нашарлағанын айқын көрсетті.

Парламенттегі түсіндірме мәлімдемесінде былай делінді:
«Ресей Федерациясымен жасалған келісім Республиканың ақпараттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін бұрмаланған нарративтерді тарату құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін».

1998 жылы қол қойылып, 2001 жылдан күшіне енген бұл келісім Ресейге Кишинёвте Ресей мәдени орталығын (Русский дом) ашуға мүмкіндік берген еді. Молдова өз тарапынан Ресей аумағында осындай орталық аша алмады. «Орыс үйі» Ресей елшілігіне бағынып, Россотрудничество арқылы қаржыландырып келген.

Ресей–Молдова қатынастары 2020 жылы Майя Санду билікке келгеннен кейін тұрақты түрде шиеленісе бастады. 2023 жылы Молдова ондаған ресейлік дипломаттарды елден шығарып, қысым одан әрі күшейді. Соның нәтижесінде, «Орыс үйінде» тек бір ғана іссапармен жіберілген қызметкер қалған болатын.

Бұл шешім екі ел арасындағы дипломатиялық және мәдени байланыстардың терең дағдарысқа ұшырағанын байқатады. Молдова Еуроодаққа жақындауын жалғастырып жатқан тұста, Ресеймен қатынастардың болашағы бұдан әрі де белгісіз күйде қалып отыр.